Шаршауды басатын ең оңай 10 тәсіл
"Бүгін мен маңызды істерді бітіремін" деп айтыңыз. Сонда ми денеге қосымша энергия өндіруге тапсырма береді де, күні бойы адам сергек жүреді.
Уақыт өте келе адамдар жиі жиі шаршап, күшінің сарқылғанын байқайды. Әлсіздікті жеңуде түрлі емдік тәсілдерге жүгінеді. Осы әдістермен қатар төмендегі кеңестерді қоса жүзеге асыруға болады деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Сергек жүру құпиясы Егер ағзаға күні бойы теледидар алдында сүйікті сериялыңызды көремін деп " хабарлама " жасайтын болсаңыз онда жауап ретінде энергия өндірілуі төмендейді. Сонымен қатар бірнеше сағат өткен соң ешбір жұмыс істемей отырсаңыз да, күштің төмендегенін байқайсыз.Өзін-өзін сендіру күші-ұлы күш, оны кейде бағалай білмейміз. Таңертең ұйқыдан оянғанда өзіңізге: "Мен үшін бүгінгі күн жемісті болады" деңіз. Не болмаса: "Бүгін мен маңызды істерді бітіремін" деген дұрыс. Сонда ми денеге қосымша энергия өндіруге тапсырма береді де, күні бойы адам сергек жүреді. Басында өзіңізді қинап қозғалыста болуыңыз мүмкін, алайда уақыт өте бұл тәртіп әдетке айналады. Тәттіні шектеу Тәттіні жақсы көресіз бе? Шоколад, печенье, тәтті нандарға құмарсыз ба? Онда бойдағы қуаттың бірден жоғалуы жағдайында таң қалмаңыз. Қанттың ағзаға әсері осындай болады. Ас мәзірінде оның мөлшерін азайтуға тырысыңыз және жармалар мен кебек ұннан дайындалған нанды кіргізіңіз. Бұл ұзақ уақыт сергек жүруге көмектеседі. Таза ауада жиі жүру Көңілсіз күнде селсоқтық танытқанда таза ауада жиі болуға тырысыңыз. Саябаққа қыдырыңыз, табиғат аясында серуендеңіз, не болмаса күн сәулесі мол кафеде отырыңыз. Көңіл-күйіңіз бірден көтеріледі. Көп қимылдаңыз Физикалық белсенділік бойды қуаттандырады. Үйде, шығуға деген құлшыныс болмаған күннің өзінде аздап бой жазыңыз. Кез келген аэробикалық жаттығу-суда жүзу, велосипед тебу, кәдімгі тез жүрудің өзі эндорфинді қоздырып, сергектікті арттырады. Осы орайда толықтай бойда күш қалмағанын сезінсеңіз, 10 минут қозғалыста өзіңізді қинап тұрғызыңыз. Бұдан сергіп қаласыз. Шай-көңілім жай Шайдың кез келген түрінің құрамында аминқышқылдар бар, ол жалпы тонусты көтереді. Көк шай қартаю процесін баяулатады.Көк шайда кофеин қара шайға қарағанда 3 есе аз болғанымен, сергіту жағынан келгенде қалыс қалмайды. Жиі, бірақ аздан Түскі асқа тойып алған соң ұйқы қысатынын осы кезге дейін байқаған боларсыз. Мұның да себебі бар. Көп мөлшерде тамақтанғанда оны қорытуға көп энергия қажет. Барлық күш осы себепті асты қорытуға кетеді. Күніне 3 рет тойып тамақтанғаннан аз аздан 5-6 рет тамақтанған әлдеқайда артық. Авокадо, бадам, зәйтүн майымен көкөністерден салат адамға күш береді. Суды ұмытпа Шаршауме қатар шөл қысатын болса, бұл ағзаның жасырын түрде құрғап жатқандығын аңғартады. 2 пайыз су жетімсіздігінің өзінде адамнан күш кетеді. Егер жеткеліксіз түрде су ішетін болса, бұдан созылмалы шаршау, жүйке жүйесінде кінәрат пайда болады. Осы белгілерді байқағаннан бір стақан су ішіңіз. Дұрыс ұйқы Адамдар күнделікті кеш ұйықтайды. Ағза және ми кемінде 7-9 сағат ұйқыны қалайды. Егер ылғи ұйқысыздықты қолдан жасайтын болсаңыз, алысқа бармай шаршап жүру синдромын осы бағыттан іздеңіз.