Глицеринді сабынның пайдасы
Ең бастысы теріде глицерин ылғалдылықты ұстап тұрады. Тіптен одан арнайы сабын дайындап, құрғақ тері ушін оны күніне 2рет қолдануға да болады дейді косметолог-мамандар.
Косметиқалық заттарды қолданғанда глицерин жайлы жиі естіп жатамыз. Ол көбінесе май, сабын, лосьон секілді заттардың құрамында болады. Осы глицеринді косметикалық құралдар теріге несімен пайдалы екенін KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Ең бастысы теріде глицерин ылғалдылықты ұстап тұрады. Тіптен одан арнайы сабын дайындап, құрғақ тері ушін оны күніне 2рет қолдануға да болады дейді косметолог-мамандар. Оның теріге мынадай пайдасы бар: Оны кез келген тері түріне пайдаға жаратуға болады. 1. Глицерин табиғи құрамнан жасалатындықтан аллергия туғызбайды. 2. Құрғақ сезімтал тері және сәбидің тері күтіміне қолданысқа жарамды. 3. Сонымен бірге глицерин тері саңылауларын тазалайды, теріні ылғалдандырады және қоректік заттармен нәрлендіреді. 4. Глицеринді сабын безеуден арылуға көмектеседі әрі тері ауруларын айықтырады. Ендеше осы сабынды қолдан қалай жасайды екен? Рецептке назар аударсақ. Керектілер: жарты литр глицерин, гулшетен (розмарин) мен лаванда тұнбасы, кептірілген 1 ас қасық гүлшетен шөбі, 1 ас қасық эфир майы. Енді глицеринді баяу отта толық ерігенше қыздырамыз. Осы уақытта шөптерден тұнбаны дайындап қоямыз. 3 ас қасық шөп қоспасын 1 стакан қайнаған сумен демдейді. Оттан алған еріген майға енді қоспалардың барлығын араластырамыз да, бір пішімге құямыз. Сабынға реңк беру ушін қосымша тағамдық бояуды қосады.