Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Еттің бала ағзасына әсері қандай?

Диетологтар баланы тек өсімдіктерден жасалған тағамдармен шектегенді қолдамайды, еттің де бала  ағзасына пайдалы екендігін айтады.

22.01.2020
0
Еттің бала ағзасына әсері қандай?

Сәби дүние есігін ашқанда оның бір ғана азығы болады, ол — ана сүті. Уақыт өте келе оның ағзасына қосымша көректік заттар қажет болатыны белгілі. Бала жасына сәйкес қосымша тамақтардың құрамында қандай азықтар болу керектігі жайында аз айтылып жүрген жоқ. KYN.KZ сайты бүгін ересек адамдардың күнделікті тұтынуындағы ет өнімінің баланың ас мәзірінен қаншалықты орын ала алатындығы туралы жазады.

Диетологтар баланы тек өсімдіктерден жасалған тағамдармен шектегенді қолдамайды, еттің де бала  ағзасына пайдалы екендігін айтады. Неге десеңіз, ол баланың бойынан өсуіне, бас миының дамуына септігін тигізетін заттектерге бай. Сондай-ақ, оның құрамындағы көп мөлшердегі темір қаназдықтан қорғап, ағзаны қажетті элементтермен толықтырады. Баланы етке үйретуді аз мөлшерден бастаған жөн. Оған қоса, міндетті түрде педиатрдан (сәбиіңіздің денсаулығына, ағзасының ерекшелігіне байланысты етті тамағына ерте не кеш енгізу туралы) кеңес алыңыз.

Балаларға қандай ет беруге болады?

Ересектер мен балалардың етті тұтыну салты бірдей емес. Балаларға қоян, күркетауық, сиыр етін беруге болады. Себебі олардың тітіркену тудыру қаупі төмен. Бұзау еті мен тауық етін 1 жастан асқан соң барып берген дұрыс. Жасанды сүт ішетін балаға 8-9 айдан бастап ет беруге болады. Ал, ана сүтімен қоректенетін сәбиге бұдан сәл кешірек (10 айдан соң)  берген жөн. Сүбенің кішкентай бөлігін қайнатып, еттартқыштан өткізіп, көкөніс езбесімен араластырып беріңіз.

Етке біртіндеп үйрету керек:  алғашқыда күніне 10-15 г-нан бастап, жасына толғанша 40-50г-ға дейін жеткізуге болады. Түскі ас уақытында берген дұрыс. Балық еті ағзаның тітіркенуін туғызуы мүмкін. Сондықтан ол сәбидің тамағына 11-12 айлық кезеңінде енгізіледі. Алғашқы кезде майлы емес түрлерінен бастаған жөн: камбала, нәлім(треска), аптасына 1-2 рет беріңіз. Балық ақуыздың, А, Д, В2,В12,РР дәрумендерінің, калций, фосфор, магний, мырыш, йодтың қайнар көзі болып табылады. Бұл заттар адам денсаулығына және ағзаның жақсы жұмыс істеуіне өте қажет.

1 жасар баланың тағамдық үлесінің құрамында (аптасына) 100 г. балық болу керек. Ет сияқты, оны да белгілі бір езбеге не сорпаға, гарнирге қосып берген дұрыс. Қой еті майлы болатындықтан, біраз уақытқа дейін, есейгенше бермеген жөн.

Бөлісу5Твит3
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3859 бөлісу
    Бөлісу 1544 Твит 965
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1687 бөлісу
    Бөлісу 675 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.