Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қанды қырғын! Ағайындар төбелесі атысқа ұласып, біреуі мерт болып, бірнешеуі ауруханада жатыр

Жәбірленуші тараптың туыстары қанды оқиғаға әкімнің туысын кінәлап отыр

23.01.2020
0
Қанды қырғын! Ағайындар төбелесі атысқа ұласып, біреуі мерт болып, бірнешеуі ауруханада жатыр

Алматы облысында ағайындар арасындағы төбелес атысқа ұласып, бір адам қаза тапты. Бұрыннан араздығы бар туыстар бір-біріне аңшы мылтығын кезеніп, пышақ ала жүгірген, деп жазды КТК арнасы.

Қанды қырғында тағы төрт адам ауыр жараланып, ауруханада жатыр. Үш жігіт қамауға алынды. Адам өлімімен аяқталған ерегісте Панфилов ауданы Көктал ауылы әкімінің орынбасарының да аты аталды. Туыстар арасындағы текетіреске не себеп?

«Ауылдастар атысты» деген хабар елге тез тарады. Ал бір-біріне қару кезенген Жаркент іргесіндегі Көктал ауылының жінгіттері. Қанды қырғында бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түскен. Жарақаттарын көріп, дәрігерлер жаға ұстап отыр. Айтуларынша, екіге бөлініп ерегіскен топ бір-бірін аямаған.

Марат Әбубакиров, хирург:

— Бүйрегі мен көкбауырынан, ішегінен , омыртқасынан жарақат алған.  Пытыра ғой.  Оқ тиген бір науқастың жағдайы ауыр. Қалған үшеуінің өкпесіне, ішек құрылысына бір емес, бірнеше жерден пышақ сұғылыпты.

Зардап шеккендердің бірі

– Гүлнәр Баекееваның күйеуі. Келіншектің айтуынша, қанды қырғынды ауыл әкімінің орынбасары қасақана ұйымдастырған.

Гүлнар Баекеева, күдіктілердің туысы:

— Қадырбаев деген Көктал ауылының әкім орынбасары  бауырымның жағын сындырды. Сол үшін мен арызданғаным рас. Сол кезде маған айтқан: «Егер арызыңды алмасаң,бауырыңды немесе өзіңді өлтіреміз» деген. Бір сөзге келместен, көліктен түскен төрт баланы бірдей ата бастаған. Жазықбеков Ербол, Асылбек, Ердос деген бар, олардан бір бала емес, жалпы 30 бала болып барған. Төртеуіне 30 бала жабылған.

Бірақ полиция мәліметі бұған мүлде кереғар.

» Атыс туыстар арасында болған», — дейді аудандық полиция бастығы. Ал төбелес болған жерге қаруды басқа емес, келіншектің ағалары алып келген екен.

Арнай Әбдірахманов, Панфилов аудандық ПБ бастығы:

— Бұл жерде мылтық Баекеевтер тарапынан алынды, үш мылтық та.  Мойындап, бүгін жауап алынған. Бәрі қылмыстық іске біріктірілген, айғақ зат ретінде. Тергеу амалдары жүргізілуде, жалпы адам саны 15 адамдай.  Тергеу мәліметінен белгілі болғандай, ауылдастар арасындағы жаппай атысқа бұл таспа себеп болған.

-Қатыны ұрып-соғады, қатыны кетіп қалса, қатынның орнына қатын боласың, бала-шағаға қара, мен таксимен жолаушы тасып келемін деп, үйіне от жағасың, бала-шағасына қарайсың деген. Әрі өткен, бері өткен, балалар көреді, күледі. Ұсталған күдіктілердің бірі қарызын төлей алмаған өз сыныптасын бір жыл бойы жұмысқа тегін жегіпті. Бала-шағасының киімін жуғызып, үйін жинатқан. Содан жәбір көрген жігітке ауылдың басқа жігіттері араша түскен көрінеді. Мәліметтерге қарағанда, ерегіс осы жерден басталған. Ауыл спортзалының маңындағы алаңқайда. Бір топ-жігіттің өзара жиналып, ерегісіп, айқайласқанын ауыл адамдары көрген. Бірақ өкіншіке қарай, ешкім сақшыларды шақырмапты.

-Жалғыз тал балам ғой, жалғыз тал! Енді мен қайтіп өмір сүремін?! Сол жалғызымның артында аңырап, жылап қалып отырмыз, мінеки. Ал атыста қаза тапқан

– Теміртас Баекеев. Жігіттің бес жеріне оқ тиген. Қайғыдан қан жұтқан ата-ана оның өліміне басқа емес, қазір қамауда отырған өз туыстарын кінәлады.

Совет Жұмабаев, марқұмның әкесі:

— Аналар айуан, бүкіл халық біледі, айуан екенін. Білмей қалдым  мен… Алып, шығып кеткен солар, бауырымның балалары. Бес жасынан қалған олар, содан тәрбие, ештеңе көрмеген.

— Істі болған, бүкіл халық біледі оларды. Бәрі істі болған. Небәрі 27 жастағы жігіттің артында бес жасар қызы мен төрт айлық сәбиі қалды. Қазір аталмыш қылмысқа қатысты үш адам қамауда отыр. Қалған 8 адам куәгер ретінде іске тартылған. Үш бірдей аңшы мылтығы мен екі пышақ айғақ зат ретінде тіркелді.

 

Бөлісу9Твит6
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3857 бөлісу
    Бөлісу 1543 Твит 964
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2121 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1686 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 422
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2119 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1111 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.