Басты жаңалықтар

Отандық тағы бір танымал сүрбойдақ отау құрды

Актер бүгін үйіне келін түсірді

Отандық белгілі актер Артур Төлеповтың үйіне бүгін келін түсті деп хабарлайды KYN.KZ Танымал актер Асылхан Төлеповтың інісі Артур бүгін отау құрды. Жас актер осыдан біраз уақыт бұрын Ақтау қаласында сүйіктімен фотосессия жасаған болатын. Кейін танымал шоумен Талғат Самбай ашқан киім дүкенінен тойға арнап арнайы костюм алғанын жариялаған болатын.  width= Бүгін талай қыздың арманы болған сүр бойдақ отбасына келін алып келіп, ата-анасын қуантып отыр. Ол желіде «Мінекей келіндеріңіз», - деп жазба қалдырды. Суретте байқағанымыздай бүгін қалыңдықтың ұзату тойы өтті. Ал үйлену тойының қашан болатыны әзірге белгісіз. Артурдың желідегі жас келіншегімен түскен суретінің астына көпшілік бақыт тілеп, жарыса жазды.