Басты жаңалықтар

Зімбір шайының пайдасы

Спирттік ішімдіктен уланғанда зімбір сусыны немесе шайы көмектеседі. Ең нәтижелі әрі қарапайым тәсіл зімбір тұнбасын ішу.

Зімбір шайы-ағзаны шлактар мен токсиндерден тез тазартады, астан уланғанда да көмегі тиеді. Жалпы зімбір дәрілік шөбі, майы,шайы ұнтақталған түрінің өзіндік емдік қасиеті бар.Солардың бірнешеуіне KYN.KZ сайты тоқталып өтеді. 1. Астан уланғанда зімбір майының 1-2 тағысын 1 кесек шақпақ қантқа тамызды. Оны ауызға салып, қант еріп кеткенше сорады. 30-40 минуттан соң емдік шараны қайта жалғастырады. 2. Зімбір шайын тағамнан уланғанда (химиялық және газдан уланғанда да) кәдеге жаратуға болады. Ол үшін 1/2 шай қасық зімбір ұнтағын (не болмаса 1,5 шай қасық үккіштен өткен зімбір тамыры), 1/4 шай қасық ұнтақ куркума,1шай қасық бал, 1 стақан су керек. Суды қайнатып,оған зімбір мен куркуманы салады да 2-3 минут қайнатады.Оттан алып балды араластырады да бетін жауып 5 минут қояды.Содан соң жақсылап араластырып, жылы күйінде ішеді. 3. Асқазан бұзылғанда, уланғанда құсқанда 1 шай қасық зімбір ұнтағын,4 шай қасық жұпар жаңғағы (мускатный) жарты стақан суға араластырады. Қоспаны ауырған кезде қабылдайды. 10-15 минуттан соң артынан тәтті шай (компот, күріш қайнатпасын) ішеді. Спирттік ішімдіктен уланғанда зімбір сусыны немесе шайы көмектеседі. Ең нәтижелі әрі қарапайым тәсіл зімбір тұнбасын ішу. Дайындау тәсілі мынадай: 2 шай қасық зімбір ұнтағы, жарты лимонның үккіштен өткізілген қабағы, бір шымшым жұпар жаңғағы (ұнтақталғаны), бір дана қалампырға қайнаған су құйады да ыдыстың қақпағын жабады. Сыртын орамалмен орап,15 минут тұндырады. 0.5 стақаннан жылы күйінде ұрттап ішіп тауысады. 10-15 минут өткен соң міндетті түрде ас ішкен дұрыс. Екінші бөлігін 30-40 минуттан кейін сүзгіден өткізіп, ыстық су араластырып қабылдайды.