Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мандариннің адам ағзасына пайдасы мен зияны

Асқазан дертіне мандарин жеуге болмайды

25.01.2020
0
Мандариннің адам ағзасына пайдасы мен зияны

Мандарин мәйегінің 89,7% су, қалған 11,3% қант қышқылдар, пектин, минералды тұз, эфир майы мен дәрумендерден тұрады. Бұл цитрусты жемісте дәрумендер қоры жетерлік. Әсіресе онда С дәрумені мол десек болады. Ал шырын құрамындағы кальций, магний, калий зат алмасуды реттеп, тәбетті ашады. Адам ағзасына пайдалы жемістің пайдасы жетерлік, алайда оның зиянды тұстары да бар деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

Зияны:

Цитрусты жемістер күшті аллергиялық ауруларды қоздыратыны белгілі. Сол секілді мандариннің де ағзаға осындай әсері бар. Асқазанында дерті бар науқастар, холецистит пен колит (тоқішектің қабынуы), бүйрек ауырғанда мандариннен мүлдем бас тартқан жөн. Себебі ол асқазанның шырышты қабатына кері әсерін тигізеді және бүйрек ауруын қоздырады. Балалар көп жесе аллергия мен диатез пайда болады. Егер сәби жемісті жегенде денесі қызарып, қышыса оны жеуді тоқтату қажет. Бұл жағдай ересектерді де мазалауы мүмкін. Өзге мына дерт кезінде жемістен бас тартқан дұрыс:

• асқазанда жара болса және жіңішке аш ішектегі дертте;

•асқазанда қышқыл жоғары болса;

• энтерит, голит, ішектер қабынғанда;

•гепатит;

•өткір нефрит

Пайдасы:

1. Жемістің қабығы мен ақ торламалары да пайдалы тұстарымен ерекшеленеді. Мәселен, қабығында эфир майы органикалық қышқыл, каротин С дәрумені ,ал ақ торламада қан тарататын тамыр жолдарына жақсы әсер беретін гликозид бар.

2. Мандарин қабығынан алынған майды шаншығанда және іш желденгенде балаларға пайдалануға болады. Майды ішпейді, ауырған жерге жағып, жеңіл уқалап массаж жасайды. Жеміс майынан дайындалған бұлау адам ағзасына иммунитет әлсіз болғанда көмегі зор. Бірақ май өз мөлшерімен болған дұрыс. Себебі сезімтал теріге мөлшерінен артық пайдаланса дақ түседі немесе күйіп қалуы мүмкін. Халықтық медицинада жемісті мұндай дерт түрлеріне пайдаға жаратқан.

3. Мандарин қабығынан дайындалған шай жүйке жүйесін тыныштандырады әрі демікпе мен бронхыға таптырмас ем.

4. Қабығынан дайындалған тұнбаны балалар суықтағанда пайдаға жаратады. Тұнба жөтелді басып, қақырықты шығарады.Сонымен бірге аскортуды жақсартып нәтижесінде тәбет ашылады.

5. Мандарин шырынын жүйелі түрде ішсе ағзаға өте пайдалы,асқорту процесін жеделдетеді. Жеміс құрамында ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат(фитоцид) микробтарға қарсы жақсы күреседі. Оның белсенділігінің арқасында ағзаны протогенді саңырауқұлақ, тері ауруларынан сақтай алады.

6.  Жеміс қабығы үгінділерінен жасаған спиртті тұнба қақырықты сұйылтады және жоғарғы тыныс алу жолдары дертінде пайдаға жаратады. Тұнба мен қайнатпасы ыстықты түсіретін қасиетке ие. Рецепт 3 ас қасық жеміс құрғақ қабығына 2 стақан қайнаған су құйады. Ыдыстың қақпағын жақсылап бекітіп, 2 сағат тұндырады. Тұнбадан жібіген қабықты алып, еттартқыштан өткізеді де тұнбаға қайтып араластырып,2 ас қасық бал қосады. Жылы күйінде күніне 4 рет 1/2 стақаннан ішеді.

7. Саусақ арасындағы жұқпалы ауруларда қабығы немесе бөлігін алып үйкеп, сүртеді.

8. Молынан жеміс шырынын ішсе ішектегі құрт ауруларының алдын алуға мүмкіндік бар.

9. Майы жүкті әйелдердің терісінің қатты керілуіне жол бермейді.

10. Мандариннің эфир майы бұлшықетке түскен салмақ пен шаршауды басады. Етеккір кезіндегі ауырсынуда көмегі мол.

11. Қабығынан дайындалған қайпатпа 3 мандариннің қабығына 1 литр су құйып, 10 минут қайнатады. Салқындатып, тоңазытқышта сақтайды. Сүзгіден өткізбейді диабет кезінде қандағы қант мөлшерін төмендетеді.

12. Сүйел шыққанда қышқыл мандаринді қ қабығымен сіркесуға салады. Дайын массаны сүйелге таңады немесе сүртеді. Бірнеше емдік курстан соң нәтиже береді.

Бөлісу32Твит20
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3852 бөлісу
    Бөлісу 1541 Твит 963
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4835 бөлісу
    Бөлісу 1934 Твит 1209
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2120 бөлісу
    Бөлісу 848 Твит 530
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1684 бөлісу
    Бөлісу 674 Твит 421
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1590 бөлісу
    Бөлісу 636 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1476 бөлісу
    Бөлісу 590 Твит 369
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2118 бөлісу
    Бөлісу 847 Твит 530
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1438 бөлісу
    Бөлісу 575 Твит 360
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1283 бөлісу
    Бөлісу 513 Твит 321
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1110 бөлісу
    Бөлісу 444 Твит 278
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.