Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ботқаның адам ағзасына пайдасы…

Ботқаны әсіресе, жыл мезгілдерінің ауысар шағында көбірек жеген дұрыс. Өйткені адам ағзасы дәл осы уақыттарда әлсіреп, дәрумендерге зәру күйде болады.

25.01.2020
0
Ботқаның адам ағзасына пайдасы…

Ботқаның қай түрі болмасын адам ағзасына өте пайдалы. Әйтсе де олардың құрамына қарай адам ағзасына түрліше әсер етеді. Ботқаны әсіресе, жыл мезгілдерінің ауысар шағында көбірек жеген дұрыс екен.Өйткені адам ағзасы дәл осы уақыттарда әлсіреп, дәрумендерге зәру күйде болады. Сол себепті де осындай дәруменге бай ботқаларды дер кезінде әзірлеп жеп отыру қажет. Сондай-ақ оның қандай ауруларға қарсы қолданылатынын да біліп алған артықтық етпейді. Олай болса бүгін KYN.KZ сайты ботқалардың пайдасына тоқталып өтеді.

Қарақұмық ботқасы

Ботқалардың ішіндегі ең пайдалысы-осы қарақұмық ботқасы саналады. Себебі, ол дәрумендер мен минералды заттарға өте бай. Сондай-ақ құрамында 8дәрумені бар. Сондықтан да қарақұмық ботқасын көбіне жүрекқан тамырларымен ауыратындардың ас мәзіріне кіргізеді.

Қарақұмық ботқасын сүт пен қантсыз пісіріп жеген пайдалырақ. Сүт пен қант қарақұмықтың құрамындағы пайдалы дәрумендердің күшін жойып жіберуі мүмкін. Сонымен бірге қарақұмық ботқасын 6-8айлық нәрестелерге беруге болмайды. Мұндай тағамды олардың асқазаны көтере алмайды екен. Қарақұмықты бал мен түрлі көкөністерді қосып пісірсе өте дәмді болады. Айранмен араластырып жесеңіз де тәбетіңіз ашыла түседі.

Сұлы ботқасы

Сұлы ботқасы адамның көңіл күйін көтеретін және терінің қалпын реттейтін қасиетке ие. Н дәруменіне өте бай. Сондықтан да оны сұлулық ботқасы деп атайды. Егерде сұлы жармасынан жасалған ботқаны мөлшерінен артық жейтін болса оның теріс әсерлері болуы да мүмкін. Себебі, сұлыны көп пайдаланғаннан кальцийдің ағзамызға сіңуі қиындайды екен. Көбіне сұлы ботқасын ауруынан айыққан жандарға әзірлеп жеуді ұсынады. Себебі, ол ағзаға зиянды заттар мен дәрілердің артығын шығаруға әсер етеді. Сұлы жармасын сүтке қайнатып жегеннің пайдасы мол.

Күріш ботқасы

Көмірсуларға өте бай күріштен жасалған ботқаны жеген өте пайдалы. Әйтсе де ақ түсті күріш емес, оның қоңыр әрі қара  түстісі пайдалырақ. Көбіне күріш ботқасын асқазан- ішек жұмысы бұзылғанда жеген дұрыс. Алайда сұлу бикештер мұндай ботқаны көбірек жейтін болса,  әсем дене бітіміне зияны тиюі әбден мүмкін.

Арпа ботқасы

Қарақұмық және сұлыға қарағанда құрамында дәрумені аз болғанмен арпа аминқышқылына бай. Соның арқасында ол түрлі вирустарға қарсы тұра алатын қасиетке ие. Әсіресе тұмауды жұқтырмауға жақсы көмектеседі. Алайда арпа ботқасын дайындауға көбірек уақыт керек. Ең алдымен оны 10-12сағат бойы суға салып қою қажет. Кейіннен оны біраз қайнатып, тағы да 5-6сағат оттан алып қоямыз. Сонда ғана оның ағзасына берер пайдасы болады.

Тары ботқасы

Тарыны қайнатпас бұрын тазалап жуып алу қажет. Оның құрамында да  адам ағзасына пайдалы заттар бар. Әсіресе тарыны жүрекқан тамырлары ауруларымен ауыратындарға  әзірлеп жеген дұрыс.

Ұнтақ жармадан ботқа

Ұнтақ ботқасын( манная каша)ота жасатқан адамдардың ас мәзіріне кіргізеді.  Өйткені ол тез дайындалып, әп-сәтте ақ пісіп қалады. Соның арқасында ол құрамындағы пайдалы заттарды жоғалтпайды екен. Алайда балаларға берер пайдасы аз. Себебі, ұнтақ ботқасы балалардың сүйегіне өте керекті Д дәруменінің және темірдің сіңуіне кері әсерін тигізеді екен. Үлкендерге де дәл солай әсер етеді екен.

Бөлісу71Твит44
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2207 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    970 бөлісу
    Бөлісу 388 Твит 243
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    904 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    699 бөлісу
    Бөлісу 280 Твит 175
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.