Бидің адам денсаулығына пайдасы
Бимен айналысатындар ешқашан демікпе дертіне шалықпайды.
Ішті қимылдатып билеу әйелдердің денсаулығына өте пайдалы. Ішектің жұмысы жақсарып, арқа омыртқасының жақсы қалыптасуына ықпал етеді. Үнемі бимен шұғылданып жүрген әйелдердің босануы жеңіл болады деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Егер бала төмен бітпеген болса жүктілік кезінде 6 айға дейін бимен айналыса беруге болады. Бимен айналысқан әйелдің босанғаннан кейін ішінің терісі тез жиырылып, мүсіні бұрынғы қалпына қайтады. Сонымен қатар бимен айналысқанда жамбас және аяқ бұлшықеттері нығаяды. Бүкіл ағзадағы және буындар мен омыртқадағы қан айналым жүйесі жақсарады. Ішті қимылдата билейтін әйелдердің дене бітімі сымбатты болып келеді. Іштегі артық майлар жиырылып, бөксе әдемі пішінге түседі. Сонымен қатар бимен айналысатындар ешқашан демікпе дертіне шалықпайды. Себебі, билеген кезде адамның бойын жеңілдетіп, жүйкесін тыныштандырады. Психологтардың айтуы бойынша күйзеліске еркектерге қарағанда әйелдер көп шалдығады екен. Сондықтан да ола әйелдер қауымына бимен шұғылданып тұруға кеңес береді. Жалпы би әйелдер үшін сұлулық пен қуаныштымын, жоғары дәрежелі көңіл-күйді сыйлайтын іс-әрекет болып есептелінеді. Билеуді кез келген жаста бастауға болады. Мейлі тіпті бұрын билеп көрмесеңіз де. Дәрігерлердің айтуы бойынша, би ағзадағы зиянды қалдық заттардың сыртқа шығуына септігін тигізеді екен. Сонымен қатар бидің медициналық тұрғыдан алғанда мынадай пайдалары бар екен: Бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды. Би қимылындағы еңкейіп, шалқайғандағы жаттығуларда адамның ми тамырлары кеңіп, арнасынан аққан қанның көлемі көбейеді. Сол арқылы миға қоректік заттар мен оттегі көптеп келеді. Мұндай адамның көкірегі ояу, ақыл-ойы таза, күш-қуаты мол болады. Үнемі иіліп, көтеріліп тұрудан көздің ішіндегі қан айналымы жақсарып, оны ұстап тұрған бұлшықеттер шыңдалады. Адамның аз қимылдауы-бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының нашарлауы, ішкі ағзалар қызметі төмендеп, зат аламасуы бұзылды деген сөз. Осындай зардап тартпас үшін адамдар жаттығулар жиынтығын кеңінен қолдануы керек.