Басты жаңалықтар

Дене қызуын түсіретін қайнатпалар

Таңқурай шайы, бал қосылған жөке гүлінің қайнатпасы мұндай дерт кезіндегі шипасы керемет.

Дене қызуын түсіруде дәрілік шөптер тұнбасы, шырындар жақсы көмектеседі. Таңқурай шайы, бал қосылған жөке гүлінің қайнатпасы мұндай дерт кезіндегі шипасы керемет. Рецепт түрлерін KYN.KZ назарларыңызға ұсынады.

  1. 100 мл. апельсин шырынына 100 мл. алма шырыны немесе лимон шырынын қосып ішеді.
  2. 75мю мл. қызанақ шырыны мен 25 гр. қызылша шырынына дәміне қарай лимон шырынын қосып дене қызуы көтерілгенде қабылдайды.
  3. Мия тамыры, таңқурай жарырағы, қалақайға 2 стақан қайнаған су құяды да бояу отта 5-7 минут қайнатады. 1 сағат тұндырған соң жылы күйінде 1 стақаннан күніне 3 рет ішеді.
  4. Қарақат жемісіне 1 литр қайнаған су құяды да 2 сағат құяды. Содан соң сүзгіден өткізеді. Жылы күйінде 100-150 гр-нан күніне 3рет ішеді. Бұл ыстықты түсіреді және терлетеді.
  5. Қара бүлдіргеннің жапырағы немесе тамырынан 1 ас қасық алады. Бір стақан қайнаған су құяды да баяу отта 15-200минут қайнатады. Қайнатпаған 1-2 ас қасықтан астан бұрын күніне 3-4 рет қабылдайды. Мұнымен тамақты шаюға да болады.Жалпы қара бүлдірген жемісінің де мұндай кездегі шипасы ерекше.
  6. 1 ас қасық құрғақ қалақай жапырағына 1 стақан қайнаған су құяды да бір сағат тұндырады. Бұдан балаға 1ас қасықтан күніне 3-4 рет, ересектерге 1/2 стақаннан күніне 3-4 рет береді.