Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Баланы оңай жолмен емшек сүтінен қалай шығаруға болады?

Бүгінгідей заманда көп аналар ертерек баласын емшек сүтінен шығарып, жұмысқа шығып кетуге асығады. Алайда сәбидің 2-3 жас аралығында емшектен шығарған дұрыс екен.

25.01.2020
0
Баланы оңай жолмен емшек сүтінен қалай шығаруға болады?

Баланы емшек сүтімен қоректендіру-бұл да бір өмірдің заңдылығы. Қай ана болмасын сәби сүюді қалай армандап, аңсаса, оны емізіп, иісін иіскеуді де слай айтатыны рас. Жас аналар әрине бірінші сәбиін дүниеге әкелгенде оны емшектен шығаруды білмеуі мүмкін. Әйтсе де сәбиді 2 жасқа дейін емізген артықтық етпейді. Түбінде әрине баланы емшектен шығаруға тура келеді. Мұндай жағдайда не істеу қажет? Жас ана өзін де, нәрестесін де көп қинамай омырау сүтінен қалай арылтуына болады?- деген сұрақтарға KYN.KZ сайты жауап береді.

Бұл үшін бірінші кезекте емшек сүтінің азайып, тартыла бастағанын күткен жөн дейді мамандар. Осындай жағдайда ғана бала да, ана да қиналмайтын көрінеді. Уақыт өте келе ана сүті азайып, көлемі де кішірейе береді. Осыдан сүттің тартыла бастағанын байқауға болады.

Баланы емшек сүтінен қай уақытта шығарған дұрыс?

Бүгінгідей заманда көп аналар ертерек баласын емшек сүтінен шығарып, жұмысқа шығып кетуге асығады. Алайда сәбидің 2-3 жас аралығында емшектен шығарған дұрыс екен. Дәл осы уақыт аралығында баланың сору рефлексі азайып, емшектен тез шығып кетеді. Ал, егерде бұдан ерте уақытта балаңызды еміщуден арылтқыңыз келсе, сүтіңіз оңайлықпен тартылмай, көкірек ісінуіне апарып соғуы мүмкін.

Одан қала берсе емшектің қабыну дертіне щалдығуыңыз мүмкін. Сондықтан да көкіректі байлап, суды аз ішуге тура келеді. Сонымен қатар, баланың емшек сүтінен шығарарда көпшілік әйелдер бір аптаға дейін баласына көрінбей немесе сәбиін ата-анасының үйіне апарып тастап жатады. Кей жағдайларда мұндай мүмкіндік болмай, анасы баласының қасында жүріп те емшек сүтінен шығаруға әрекет жасайды.

Мұндайда әрине бала мазасызданып, біраз күнге дейін емшек сүтін аңсап жүреді. Осындайда баланың көңілін басқа жаққа аударып, ойыншықтармен алдаусыратқан жөн. Ең аллымен анасы баласына:  «Оны емізгенде көкірегінің ауыратынын, әрі онымен бірге аулаға шығып ойнай алмай қалатынын»  айтып түсіндірсе, бала өз өзінен емшек сүтінен бас тартып, соған бейімделе бастайды. Себебі, оның жасында мұндай ауырсынуды олар түсінеді.

 

Баланы емшек сүтінен арылтуға қай мезгіл ыңғайлы?

 

Әрине мамандардың айтуы бойынша жаз айларында мұндай әрекетті жасамаған дұрыс. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірі қатты ауырып жатқан кезде де баланы емшектен шығармаған абзал. Мұндайда 2-3 айдан кейін-ақ, бұл әрекетті бастауға болады. Баланы емшектен шығарарда оның көзіне түспеудің амалын жасап, сәбиіңізден қашқақтаудың қажеті жоқ. Керісінше мұндайда балаңызға қызықты ертегі айтып, кітап оқып берсеңіз болады.

Сондай-ақ, сәбиіңізді алдыңызға отырғызып алсаңызда артықтық етпейді. Әрқашанда оған қамқор болып, мейіріммен қарап, балаңызды аймалап, еркелетуді ұмыт қалдырмаңыз. Сонда ғана сәбиіңіздің бойында ешқандай өзгеріс орын алмай, тынышы да бұзылмайтын болады. Ал, сіз мұндай әрекет жасамай, балаңыздың көзіне көрінбеуді ойлап, оған жекіре, ұрыса сөйлеп, осылайша емшектен тез шығарамын деп ойласаңыз қатты қателесіз.

Бөлісу96Твит60
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1724 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1426 бөлісу
    Бөлісу 570 Твит 357
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1105 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    986 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    942 бөлісу
    Бөлісу 377 Твит 236
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    905 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    666 бөлісу
    Бөлісу 266 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.