Басты жаңалықтар

Шаршауды басатын көкөністер

Адамдар күйзеліске түскенде, ашуланғанда, ағзадағы калий бірден төмендейді. Нәтижесінде енжарлық, ұйқы келеді және тәбет жоғалады. Мұның орнын осы жағдайда картоп толықтыра алады.

Көңіл-күйді көтеру үшін тамақтанудың өзі жеткілікті.Ол үшін қандай жеміс немесе көкөніс жеу маңызды екенін KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады. Банан : бұл жемістің құрамында адамға қуаныш сыйлайтын және жүйкені тыныштандыратын зат бар. Осы орайда күніне бір банан жеудің өзі көңілді жақсы көтереді.   Тәтті бұрыш : Көкөністің құрамы бета-керотин, B тобының дәрумендері, темір, мырыш, мысқа аса бай болғандықтан мидың жұмыс істеуін жақсартады. Жұмыс істеуге деген құлшынысты оятып, шаршауды басады.   Картоп :  адамдар күйзеліске түскенде, ашуланғанда, ағзадағы калий бірден төмендейді. Нәтижесінде енжарлық, ұйқы келеді және тәбет жоғалады. Мұның орнын осы жағдайда картоп толықтыра алады. 250 грамм картоп жоғалған калийдің орнын қайта қалпына келтіреді. Әрі күйзелістен құтыласыз.   Қызылша : көкөністе калий, магний, марганец, мысты айтпағанда фолий қышқылы өте көп. Күніне қайнатылған бір қызылшаның өзі күйзелістен құтқарып, көңілді жүруде ықпалы зор.