Среда, 8 февраля, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қыстық аяқ киімге күтім жасай білесіз бе?

Лакты аяқ киімге үнемі вазелин, глицерин, костор майын жағу керек.

25.01.2020
0
Қыстық аяқ киімге күтім жасай білесіз бе?

Әрбір мезгіл адамды әуре-сарсаңға салатыны белгілі.Сол секілді қыс мезгілі келді дегенше сол кезеңге байланысты аяқ киім іздеп,оның бізге ұзақ уақыт қызмет еткенін қалаймыз.Етікті таңдап алғаннан кейін оған күтім жасау қажет.Қыс мезгілінің суығына тоңбау үшін көпшілік әсіресе былғарыдан тігілген аяқ киімді таңдайтыны даусыз.Осындай аяқ киімді күтуді білесізбе? Білмесеңіз KYN.KZ сайты назарларыңызға ұсынады.

Ол үшін жалқау болмау қажет.Сондай-ақ,аяқ киім күтімін қолға алып,күнделікті жуып тазалап,қажетті кремдермен майлап болмаса су шалған жерлерін кептіріп тұруды ұмытпау керек. Егер де аяқ киімнің тез тозып кетпегенін қаласаңыз етіктің 2-3 түрін алып қойып ауыстырып кигенніңде пайдасы мол. Өйткені бірі су болса оның кебуіне көп уақыт кетуі мүмкін. Осындайда қалған етіктерді ойланбастан киіп кете бересіз.

Жаңадан сатып алған аяқ киімді бірден көшеге киіп шықпай оның өзіндік күту шараларын орындау қажет екен.

Біріншіден етігіңізді суды жұқтырмайтын, сіңірмейтін арнайы ерітіндімен сүртіп өңдеңіз.Ауа райы ашық болып, қар жаңбыр жаумаған күндері де мұны істеуге болады. Себебі, алдағы уақыттарда мұндай ерітіндінің қорғағыштық қасиеті сіздің аяқ-киіміңізді сақтап қалады. Сондай-ақ, жаңа аяқ киімді бірден қара түсті болмаса басқада кремдермен майламас бұрын оны түссіз креммен майлау қажет. Кейін етіктің түсіне байланысты кремді таңдай бересіз. Екі-үш рет кигеннен кейін аяқ киімге балшық жабысып, іші сулана бастайды.

Мұндайда етіктің ішіне газетті толтырып салып қойыңыз. Бұндай әрекет сіздің аяқ киіміңізді тез кебуіне септігін тигізеді. Сонымен бірге пішінін сақтауға көмектеседі. Газет болмаған жағдайда әжетханаға арналған қағазды қолдануға болады. Бұл қағаз да суды өзіне тез сіңіреді. Әбден суы кепкеннен кейін ғана крем жаға бастаңыз. Аяқ киімге жағатын кремді таңдағанда оның шыққан мерзіміне әрі сапасына көңіл аударуды ұмытпаңыз. Егер де сюасығыс болсаңыз, аяқ киіміңізді аз уақыттың ішінде кептіру қажет болса арнайы кептіргіштерді пайдаланып көрсеңіз де болады. Осындай күтімді дер кезінде жасап тұрсаңыз, аяқ киіміңіз мінсіз әрі көп уақытқа дейін өз қалпын сақтайды.

Әдетте аяқ киімді көшеге шығарда тазалап жатады. Алайда бұл дұрыс емес. Біріншіден, аяқ киім дұрыс тазармайды, екіншіден жаққан крем сіңбейді. Сонымен қатар шалбардың балағын құртады. Аяқ киімді жұмыстан келгенде тазартады, шаңын кетіріп, гуталин жағады да, бірер минуттан кейін щеткалайды. Шүберекпен ысқылап жылтыратады. Сосын аяқ киімнің басына шүберек не қағаз тығады.

Лакталған аяқ киімді өте ыстық немесе суықта кимейді. Суықта лагы жарылады. Ал ыстықта еріп, оңады. Лакты аяқ киімге үнемі вазелин, глицерин, костор майын жағу керек. 15-20 минуттан кейін әлгі жұмсартқыштардың сіңбегенін сүртіп тастайды, барқыт шүберекпен ысқылап, жылтыратады. Лакты аяқ киімдерді жылу жүйелерінен алыс, ораулы күйде сақьайды. Лакты кебіс не басқа бұйымдарды жұмыртқаның ағымен, пиязбен сүртсе жарқырайды.

Бөлісу20Твит12
  • Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    Төреғали Төреәлінің келіншегі тұңғышы науқас боп туғаннан кейін қалай қиналғанын баяндап берді

    5053 бөлісу
    Бөлісу 2021 Твит 1263
  • «Көңілім толқып, қобалжып жүрмін»:Нұржан Төлендиев қызын ұзатқалы жатқанын хабарлады

    2691 бөлісу
    Бөлісу 1076 Твит 673
  • Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

    2646 бөлісу
    Бөлісу 1058 Твит 662
  • Шәкірттері Алтынбек Қоразбаевтың 75 жасына ерекше тосынсый жасады (видео)

    1649 бөлісу
    Бөлісу 660 Твит 412
  • Мақпал Жүнісова журналистің анасына жомарттық танытып, ерекше сыйлық тарту етті (видео)

    1409 бөлісу
    Бөлісу 564 Твит 352
  • Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды

    1281 бөлісу
    Бөлісу 512 Твит 320
  • 7 рет ажал аузынан қалған адам: Әлемдегі ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

    1099 бөлісу
    Бөлісу 440 Твит 275
  • Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Алматыда қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін жалаңаштап жұртты шошытты (видео)

    1034 бөлісу
    Бөлісу 414 Твит 259
  • Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.