Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ырымшыл түлектер аудиторияға оң аяқпен кірген: ҰБТ алғашқы күні қалай өтті?

Ырымшыл түлектер аудиторияға оң аяқпен кірген: ҰБТ алғашқы күні қалай өтті?
ашық дереккөз
Маска киіп алған талапкерлер тесттен емес, менингит жұқтырудан қорқатындарын айтты.
Алматыдағы тестілеудің алғашқы күні тағы несімен есте қалды?! Бұл туралы KYN.KZ сайты  КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. 11 жылдық білімді санаулы сағатта көрсететін күн туды. Уайым жеген жастарды жанарларына қарап-ақ байқауға болады. Бірақ, бұл жолы өз-өзіне сенімді түлектер басымырақ. Темірлан Ертарғын, талапкер: -Ешқандай қорқыныш жоқ. Қобалжу да жоқ. Кіреміз, жазамыз, шығамыз. Жастар менингит жұқтырудан ғана қорқады екен. Сондықтан, бір-бірден маска киіп келген.  -  Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеу 8 жоғары оқу орнында болып жатыр. Сол пункттер де сынаққа сақадай сай екенін байқадық. Өйткені, мұнда қаптаған сақшы мен дәрігерден бөлек өрт сөндіру көлігіне дейін қойылған. Ырымшыл түлектер ішке оң аяқпен кірді. Олар үшін кіреберіс нағыз қауіпті аймақ. Өйткені, мұнда ұялы телефон мен шпаргалка бар-жоғы тексеріледі. Десе де, бүгін мұнда Астанадағыдай «көмекші құралдар» аса көп тәркіленбеген. Жандос Құмғанбаев, №706 пункт жетекшісі: - Ұялы телефондар, шпаргалкалар яғни табылды. Бірақ, олардың бәрі алғашқы жылдарға қарағанда аз. Көбі кіреберістегі тексерушілерден айласын асырғанымен, аудиторияда телефонмен ұсталған. Ал, түсініксіз сұрақтар болмапты. Түлектердің бірі: "Өте қиын болды. Ешнәрсеге қарауға мүмкіндік болмады. Бірақ, сұрақтар оңай болды, дайындалғанымыз көрінді", - деді. Талапкерлерді сырттағылар әдеттегідей ду қол шапалақ, құшақ-құшақ гүл шоқтарымен күтіп алды. Арасында аудиториядан жылап шыққан қыздар да болды. Олар тест нәтижесімен келіспесе, ертең күндізгі бірге дейін апелляциялық комиссияға шағымдана алады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар