Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістан облысында зорланған оқушы оқиғаның қалай болғанын баяндады

Оқушы оқиғаның ақиқатын екі жыл өткеннен кейін барып баяндап отыр

05.02.2020
0
Түркістан облысында зорланған оқушы оқиғаның қалай болғанын баяндады

Түркістан облысында осыдан екі жыл бұрын зорландым деген оқушы ақиқатын жалпақ жұртқа енді жариялады. Мектеп дәретханасында ол өзінен жоғары сыныпта оқитын балалар жыныстық сипаттағы күш қолданғанын айтып отыр, деп жазды КТК арнасы.

Анасы полицияға арыз жазғанмен, артынан жан-жақтан қысым көріп, Алматыға қашып келген көрінеді. Қоғам белсенділерінің араласуымен жабылған іс қайта қозғалды. Зорлықтың құрбаны болған жасөспірімнің жанайқайын тілшіміз тыңдап келді.

Қазығұрт мектебіндегі  қорқынышты оқиғаның болғанына екі жылдың жүзі толды. Оқушы «зорландым» деген дәретхана. Далада тұрған соң, мұндағы «әлемнің» әлегін бәрін біле бермейді. Зәбір көрген жеткіншек ішке тұншыққан ойын екінші рет зорланғанда ғана анасына айтқан.

Жәбірленушінің анасы:

— Мектеп дәретханасында оған сегіз бала қысым көрсеткен. Ұлымның айтуынша, арасындағы біреуі зорлық жасап, қалғаны «аузыңды ашатын болсаң, көресіні көрсетеміз» деп аяусыз ұрып-соққан. Сорақысы сол, бұл жайт араға ай салып қайта қайталанды. Арыз жаздым. Бірақ кейін түрлі қысым болды. Ауыл ақсақалдарына дейін «арызыңды ал» деп араласқан соң, Алматыға кетіп қалдық.

Соңғы бір жарым жылдан бері олар Алматыдан пана тапты. Жантүршігерлік жайтты естіген еліміздің бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қанатының астына алып, тәуелсіз сараптама жасап, оқушының зорлық құрбаны болғаны дәлелденді.

Аружан Саин, ҚР Бала құқығы жөніндегі уәкілі:

— Біздің заңгерлер баланың анасына Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігіне, Президент әкімшілігіне арыз жазуға көмектесті. Содан соң бұл іс қайта жанданып, ауданнан облыстық полиция департаментіне өтті. Одан бері бір жарым жыл өтті. Бізге осындай зорлық құрбандары, куәлерді қорғайтын арнайы бағдарлама қажет. Қақпаған есігіміз қалмады. Осы оқиға бойынша әділетке еш қол жеткізе алмай келеміз.

Облыстық полиция департаменті бар жағдайдан құлағдар. Істің о баста жабылуын анасы баласының сөзін жоққа шығарып, арызды қайтып алғанымен байланыстырады.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Сол күні кәмелетке толмаған баланың анасы өз қолымен қылмыстық істі тоқтау туралы өтініш жазып, қандай да бір сот сараптамасын өткізуден бас тартатыны туралы арыз жазған. Сот-медициналық сарапшыларының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің денесінде қандай да бір дене жарақаты анықталмаған.

Мектеп басшылығы да әлімжеттік жоғын айтып ақталады. Оқушының өзін қорлағандарды «көрсет» дегенде, ешкімді тани алмағанын алға тартады. Тіпті сабаққа бармау үшін «осындай өтірік айтуы мүмкін» дейді директор.

Бұқарбай Әлімбаев, мектеп директоры:

— Тергеу амалдарының барысында мектептің көрсеткен оқушылары, жоғары сынып оқушылары 8-9-10 сынып оқушылары көзсізден өткізіліп, оның ішінде «мына бала» деп ешкімді атап көрсете алмады. Мүмкін ол ата- анасынан қорыққанынан айтқанынан болуы мүмкін, «мені зорлады» деп. Әйтпесе мектепте бір дәліздің бойында, қуыста қалып кететін бала жоқ.

Бірақ директор айтқан пікірге анасының келіскісі жоқ. Сабаққа бармау үшін «зорлады» деп өтірік айту еш қисынға келмейтінін айтады. Осы оқиғадан кейін психикасы бұзылған баласын одан бетер түнекке түсірмеу үшін қоныс аударуға «мәжбүр болдым» дейді.

Сегіз оқушының құрбаны болдым деген жасөспірмінің жүрегіндегі жара әлі жазылмады. Жаңа мектепке барғанмен, өз қапасына қамалғандықтан, томаға-тұйық көрінеді. Алабұртқан ана көңілі бұл істің бармақ басты, көз қыстымен қайта жабылмауын қалайды. Айтуынша,зорлық көрсеткен кейбір оқушының ата-анасы белді қызметте екен. Ал іс қайта қозғағалы арада бір жарым жыл өткенмен, сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Бөлісу9Твит6
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3915 бөлісу
    Бөлісу 1566 Твит 979
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4844 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2131 бөлісу
    Бөлісу 852 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1711 бөлісу
    Бөлісу 684 Твит 428
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1466 бөлісу
    Бөлісу 586 Твит 367
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2126 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1296 бөлісу
    Бөлісу 518 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.