Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Қазақстанда 3-сынып оқушыларынан бастап жыныстық қатынас жайлы айту ұсынылды

Себебі жыл санап елімізде жасанды түсік жасататын оқушылар көбейіп келеді

03.03.2020
0
Қазақстанда  3-сынып оқушыларынан бастап жыныстық қатынас жайлы айту ұсынылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 1300-ге жуық жасөспірім жүктілігін тоқтатады. Түсік жасатудың артында оның салдары да болады

Қазақстанда жыл сайын кәмелет жасына толмаған мыңдаған жасөспірім жасанды түсік жасатады. Барлығы ауруханада жасалмайтыны да белгілі. Бұл жайында денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Жасөспірімдердің жасанды түсік жасату жайы дәрігерлерді алаңдатып отыр, сондықтан балаларға жыныстық қатынас жайлы төменгі сыныптан бастап ақпарат беру ұсынылды, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын 1300-ге жуық жасөспірім жүктілігін тоқтатады. Түсік жасатудың артында оның салдары да болады. Ол жаста босану да қауіпті деп дабыл қағып жатыр дәрігерлер.

«Егер қыз 15 жасында жүкті болып қалса, егде жастағы әйелмен салыстырғанда ана өлімі 20 есеге жоғары болады»,  — деп түсіндірді акушер-гинеколог Галина Гребенникова.

Ата-анасына айтуға көбінің дәті бара бермейді. Мамандардың айтуынша, ересектердің өзі бұл тақырыпты айналып өтуге тырысады. Қолданыстағы заңға сәйкес жүкті жасөспірім анасы мен әкесінің қатысуынсыз медициналық көмек ала алмайды. Сол себепті медициналық мекемелерден тыс жерде жасалатын түсіктің саны артып келеді.

«Жасөспірімнің жасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым ол таңдауды саналы түрде жасай алады. Олар үнемі өз қалауы мен жетегін басқара алмайды. Бұл 16-18 жаста қалыптасады», — дейді ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы аймақтық кеңесшісі Руслан Малюта.

Бастапқыда денсаулық сақтау министрлігі 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында түсікті заңдастыру жайлы мәселені көтерген болатын. Министрлік кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің ата-ананың қатысуынсыз түсік жасатуын заңдастыру туралы ойды қолдады, алайда қоғам министрліктің бұл шешіміне қарсы болды. Қазір талқыланып жатқан Денсаулық кодексі кәмелетке толмағандарға есімін жасыра отырып медициналық кеңестер алуға мүмкіндік береді.

«Қол жеткізген келісім бойынша, балалар медициналық мекемелерге барып, мамандардан кеңес ала алады. Демек оларды медициналық тексеруден өткізіп, дәрі-дәрмектің қандай да бір түрін ұсына алады. Хирургиялық қызметтер мен жүктілікті тоқтату ата-ананың рұқсатымен немесе 18 жастан басталады», — деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Дәрігерлердің айтуынша, ерте жүктілік адам денсаулығына ғана емес, көп жағдайда суицидке де алып келеді. Сондықтан мектептерде жыныстық тәрбие сабақтарын енгізу ұсынылды.

«8-сыныптың анатомия сабағында ғана емес, оны 3-4 сыныптан бастау керек. Және аса мұқияттылық қажет. Алайда бұл жабық тақырып болып қалмауы керек. «Жыныстық қатынас» – тамақ ішу, ұйықтау, өмір сүру секілді әрекет. Осыны түсіндіру керек», — деді қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

 

Бөлісу9Твит6
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1924 бөлісу
    Бөлісу 770 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1213 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1144 бөлісу
    Бөлісу 458 Твит 286
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1119 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    818 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 205
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    559 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.