«Бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Сендерге адамның басына бұл өмірде келуі мүмкін ауру мен қайғы-қасіреттерден құтқаратын дұғаны үйретейін бе? Анығында ол – Зуунунның (Жүніс пайғамбардың) дұғасы», — деді.
Жүніс (а.с) балықтың ішінде жатып «Иə, Алла, Сенен басқа ешбір Тәңір жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) пәксің. Анығында мен өзіме зұлымдық жасаушылардан болдым», — деген.
/Лəə илəəhә иллəә әнтә субхәәнәкә иннии кунту минә-заалимиин/ («Әнбия» сүресі, 87-аят)
⠀
Кім басына қандай да бір қиындық келген кезде осы дұғаны оқыса, Алла оны Жүніс пайғамбарды киттің ішінен алып шыққандай, кез-келген қасіреттен құтқарады.
(әл-Хаким, Сахих әл-жами’» 2605)