Басты жаңалықтар
Нұр-Сұлтаннан бір күнде коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды
- автор kyn.kz
- 17 наурыз, 2020
- 220
Бұл азаматтар карантинге жабылған адамдармен қарым-қатынаста болған. Тексеру кезінде олардың қауіпті ауруды жұқтырғаны бірден анықталды.
Бұған дейін тура осы вирусты жұқтырғаны анықталған адамдармен байланыста болған азаматтар әлі тексеріліп жатыр. Нұр-Сұлтанда бір күннің ішінде короновирус диагнозы нақтыланған тағы 14 науқас анықталды, деп жазды KYN.KZ.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды.
Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында. Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті.
Оның ішінде 16 жағдай - Нұр-Сұлтанда, 11 факті - Алматыда тіркелген. Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 13 адам болғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.