Басты жаңалықтар

42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны алу тәсілі

42500 теңгені алудың нұсқаулығы жарияланды

Coronavirus2020.kz порталы 2 сәуірден бастап жұмыс істей бастайтын Telegram бот арқылы әлеуметтік төлемдерді алуға арналған қадамдық нұсқаулықтарды жариялады. Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет: 1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек; 2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды; 3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді. 4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді); 5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі; 6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді; 7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Айта кетейік, төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізіледі. Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.