Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2020 жылғы ҰБТ, соңғы қоңырау, емтихандар қалай өтетіні айтылды

2020 жылғы ҰБТ, соңғы қоңырау, емтихандар қалай өтетіні айтылды
ашық дереккөз
 Биыл еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылмайды.
Бұл коронавирус инфекциясының таралмауына жол бермеу үшін Білім министрлігінің қабылдаған шешімі, деп хабарлайды  KYN.KZ. "Соңғы қоңырау мәселесі  оқу жылы аяқталған соң өткізілетін, мектеп ұжымы мен оқушылар қатысатын салтанатты іс-шара. Сондықтан бүгінгі қашықтан оқыту кезінде мұндай іс-шара болмайды. Жалпы оқу жылының барлық оқу процесіне байланысты қорытындылау түрлері әдеттегідей жүргізіліп, аяқталатын болады",-деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова. Биыл 9-11-ші сынып оқушылары қорытынды аттестация емтиханынан босатылды. Яғни, осы кезге дейін 9-шы сыныптағылар төрт пәннен, ал 11 жыл оқығандар бес пәннен емтихан тапсырған болса, ол енді өткізілмейді. Маңыздысы – бақылау жұмыстарының нәтижесі. Сол арқылы жылдық баға шығарылып, баға аттестатқа қойылмақ. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімі әзірге өзгертілген жоқ. Егер пандемия жағдайы маусым аяғына дейін дұрысталса, сынақ дәстүрлі түрде өткізілмек. Дегенмен білім министрлігінің тестілеуге қатысты «Б» жоспары да дайын тұр екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар