Басты жаңалықтар
50 мың теңге көмек кімдерге беріледі, қалай алуға болады?
- автор kyn.kz
- 26 сәуір, 2020
- 1.2k
"Нұр Отан" партиясы үлестіріп жатқан көмекті бір рет алған отбасы екінші қайтара ала алмайды
Коронавирустың пандемиясына байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорынан халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын жандарға 50 мың теңгеден көмек берілуде. Көмек нақты кімдерге көрсетіледі және оны алу үшін құжат тапсыру қажет пе? KYN.KZ сайты тарқатып жазатын болады.
50 мың теңге көмек қанша азаматқа бұйырады?
Қайырымды жандардың есебінен жиналған бұл қаржылық көмекті жалпы саны 152 мың 463 қазақстандық алады. Аталған көмек коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары облыс орталықтары мен ірі қалалардың тұрғындарына көрсетіледі. Осыған байланысты тұрғындар саны 100 мыңнан асатын 23 қала анықталған. Олар – республикалық маңызға ие 3 қала:- Нұр-Сұлтан – 14 мың 478 адам;
- Алматы – 23 мың 472 адам;
- Шымкент – 21 мың 864 адам.
Көмек қай санаттағы адамдарға беріледі?
50 мың теңге көмек алушылардың тізімін әр өңірдің әкімдігі анықтайды. Көмек алушылардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы негізінде 7 санаты бекітілген:- Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар;
- Бірінші топтағы мұқтаж мүгедектер;
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Ең төменгі зейнетақы алып жүрген зейнеткерлер (38 686 теңге);
- Базалық зейнетақы алатындарға (16 839 тенгеден төмен);
- Жетім балалар (тұл жетім және асыраушысының бірінен айрылған балалар);
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
- ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер;
- Тыл еңбеккерлері.