Коронавируспен күрес қашан аяқталатыны айтылды
Бұл вируспен әлем халқы тағы жарты жылдай күресуі мүмкін
Мұндай болжамды Ресейдің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының ғалымы Александр Бутенко жасады деп жазды KYN.KZ. Ғалымның сөзінше аты шулы вируспен күресу уақыты 6-7 айға созылады. Бұл вирус алғаш тіркелген сәттен бастап есептегенде. Ғалым мысал ретінде бұған дейін әлем елдерін алаңдатқан індеттерді еске алды. Олар: 2003-2004 жылдар аралығында Қытайда болған SARS және 2012–2014 жылдары Сауд Арабиясында таралған MERS коронавирус инфекциялары.