Бойжеткен аяғы ауыр кезде тастап кеткен жігітін дуалап қайтармақшы
Бойжеткеннің басқа амалы қалмаған
21 жастағы бойжеткен кездесіп жүрген жігітінен аяғы аыр болып қалған, енді баланы мойындағысы келмей оны тастап кеткен жігітін дуаның күшімен қайтарып алмақшы деп хабарлайды KYN.KZ Қарағандылық бойжеткеннің кездесіп жүрген жігітінен аяғы ауырлаған, дегенмен сәбиіне сегіз ай болған кезде жалғыз қалып отыр. Айтуынша соңғы төрт ай бойы бірге тұрған сүйіктісі аяқ астынан басқа қызға кетіп қалған. «Маған осы он күннің ішінде оны қайтарып бере алатын адам керек. Дуа жасап қайтарамын. Одан басқа амалым жоқ», - деп жазды. Жігіт баланың өзінен екендігін мойындамай қойған. Тіпті өзге қызбен кездесіп жүргенімен қоймай, оған үйленуді де жоспарлап жүр екен. Шарасыз бойжеткен Қарағанды қаласында дуа арқылы жігітін қайтарып бере алатын адам іздеп желіде оқырмандардан көмек сұрады.