Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Түркістан облысына қарасты тағы бір ауыл 2 сағат ішінде су астында қалды

Мақтааралда бірнеше ауылды су басып, халық өз үйлерін тастай қашуға мәжбүр

03.05.2020
0
Түркістан облысына қарасты тағы бір ауыл 2 сағат ішінде су астында қалды

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында бірнеше ауыл су астында қалды.  Жергілікті тұрғындар құжаттары мен жылы киімдерін алып басқа ауылдағы туыстарын, су жетпейді деп болжанған мектеп қабырғаларын уақытша паналауға мәжбүр, деп хабарлайды KYN.KZ.

Анықталғандай, су Мақтаарал ауданындағы Өргебас ауылына да жеткен. Бұл елді мекенге су Фердауси ауылынан келген. Ол жерде 250 үйді су басып қалған болатын. Екі ауылдың ара қашықтығы үш шақырымды құрайды. Су Өргебас ауылына таңғы бес шамасында келе бастап, 8:00-де елдімекенің 194 үйін баcып қалды. Тұрғындардың барлығы яғни, 1,5 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа шығарылды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай салдарынан 1,6 мың гектар егістік зардап шекті, шығын сомасы шамамен 181,1 миллион теңге мөлшерінде бағаланып отыр. Түркістан облысында су басқан ауылдардан он мыңға жуық адам көшірілді.

Он мыңға жуық адам мектептердегі эвакуациялық пункттерге орналастырылған. Тұрғындарға бетперде, қолғап, санитайзерлер таратылды, деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

«Алты елді мекенді су басты. Жеті елді мекеннен, оның ішінде Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакенттен тұрғындар көшірілді. Олар Атакенттегі эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Бұл жерде су жоқ. Жалпы, он мыңға жуық адамды жайғастырдық», — деді ол.

Айтуынша, көпшілігі туған-туыстары мен таныстарына баруды жөн көрген. Эвакуациялық пункттерде тұрғындарға үш рет тамақ беріледі, облыс резервінен жиналмалы кереует, матрас, жастық, төсек-орын бөлінді, деді әкімнің орынбасары.

«Қазір елді мекендерде он шақты адам қалды, олар кімнің малы қалғанын қарайды, төтенше жағдай қызметкерлеріне көмектеседі. Қауіп төнсе, оларды бірден эвакуациялаймыз», — деп қосты ол.

Фердоуси ауылында мектеп аумағын су басты, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жеңіс ауылына апаратын ұзындығы он және ені алты метр болатын негізгі көпірді су шайған.

Нұрлыжол ауылында 28 гектар мақта алқабы су астында қалды.

«Көптеген ауылдарда су әлі тұр. Шығынды есептеу үшін ол жаққа бара алмаймыз. Шамамен болса да келген шығынның мөлшерін айта алмаймын. Үлкен шығын келгені анық, біз республикалық бюджеттен көмек сұраймыз, бұл өте ауқымды проблема», — деді Қалқаманов.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, су тасқыны кезінде Жаңа жол мен Еңбекші ауылдық округтеріндегі үш ауылда 1682 гектар ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шеккен.

«Алдын ала жасалған болжам бойынша, 181,1 миллион теңгенің шығыны есептеліп отыр. Атап айтқанда, 1480 гектар мақта — 148 миллион теңге,  42 гектар жоңышқа — 2,1 миллион, 150 гектар бақша — 30 миллион, 10 гектар жүгері — 1 миллион», — делінген хабарламада.

1 мамыр таңғы сағат 05:10-да Сардоба су қоймасы бөгетінің төменгі бөлігі шайылып кетуіне байланысты Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданының аумағында су жайылған.

Негізгі су ағынын азайту үшін өзбек тарапы суару каналдары желісіне шлюзді ашты.

Осыдан соң Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара коллекторлары толып кетті, бұл судың каналдан шығып, елді мекендерді басып қалуына әкеп соқтырды.

Мақтаарал ауданында шұғыл штаб құрылып, техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Бөлісу17Твит11
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1724 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1428 бөлісу
    Бөлісу 571 Твит 357
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1106 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 277
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    987 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    943 бөлісу
    Бөлісу 377 Твит 236
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    907 бөлісу
    Бөлісу 363 Твит 227
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    715 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    666 бөлісу
    Бөлісу 266 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.