Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Балғынбек Имаш: Ешкім маған ренжімесін, шынында шегірткелер елінде тұрып жатырмыз

Ақын шегіртке жәндігінің Ахметбек Нұрсила ашып айтпаған қырларын ел алдында жүрген азаматтарға теңеп, дәлелдеп берді

03.05.2020
0
Балғынбек Имаш: Ешкім маған ренжімесін, шынында шегірткелер елінде тұрып жатырмыз

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш Ахметбек Нұрсиланың теңеуіне ренжіген өнер қауымына өз базынасын айтты. Ол қазақ халқы оңай ақша үшін түрлі тәуекел мен ұрпақты улауға дайын екеніне ашынды. Тіпті шегірткенің айналасына тигізер зиянын шенеуніктердің әрекетімен салыстырды, деп жазды KYN.KZ.

«Жұлдыз емес, Шегіртке. Ахметбек Нұрсила деген азаматты аса жақсы танымаймын. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде әртүрлі тақырыптағы әңгімелерін көзім шалып қалады.

Тренингтегі кейбір іс-әрекеттері, эмоция шығарып билеп жатқаны, ислам туралы кейбір пікірлері мүлде жақпайтын. Бірақ, қазақты білімге, ғылым үйренуге, кәсіп үйренуге шақырып, сол жолда жанкештілікпен еңбек етіп жүргеніне жүрегім жылып қалады.

Әсіресе, отаншылдықты насихаттауына, Алаш идеясын жаңғыртуға, рухани тәрбиеге қатысты жанайқайына толық қосыламын. Бүгін лотореяға қатысты «Астарлы ақиқатқа» қатысқан хабарын көріп, әртүрлі ойға баттым… Әрине, мені өнердегі әріптестерім қолдай қоймас, тіпті, жау деп қабылдар. Бірақ, Ахметбек ағаның «Шегіртке» деген сөзі орынсыз емес. «Ыршып жүріп ән салған» өнерпаздар түгілі, бұл теңеу жалпы қазақтың бүгінгі сиқына дәл келетіні — ащы болса да шындық!
Бізде барлық саланы шегірткелер басып кеткелі қашан!

Тәуелсіздік таңы атқалы реформадан көз ашпаған білім министрлігі, мәдениет пен спорт министрлігі, денсаулық министрлігі секілді мекемелерде (бас әріппен жазуға қимадым) сайран салған шегірткелердің кесірінен жастарда білім жоқ, қауымда мәдениет жоқ, бүкіл халықта денсаулық жоқ!
Ауыл шаруашылығы, аргоөнеркәсіп, мал және егін, орман, су, балық шаруашылығын үкіметтен бастап, әр облыс, аудандардағы шегірткелер тып-типыл еткелі қашан?

Бізде парламентте ғана шегірткелер жоқ, онда отырғандар үнсіз кесірткелер сияқты, әй, бірақ, кесірткеден де үн шығады ғой бұлар сөйлемейтін «балық» боп қалған-ау.
Кесірткелер, бәлкім, қаржы полициясына құйрығын тастап шетел асып кеткен Виктор жездеміз секілді қашқындарымыз болар?

Өнердегі аға-апа, құрбы-құрдас, іні-қарындастар! Ахметбек «шегіртке» десе Абайға сүйеніп теңеумен айтты, оған шамданбаңыздар.

Біз түрлі одақтар мен басқосуларда, спартакиада мен азиадаларда, саммиттер мен эксполарда 30 жыл бойы шырылдағанымыз аздай, карантинде де түрлі челенждерде алдымызға жан салмай, онлайн шырылдаған шегірткелерміз ғой.

Ән салу — шегірткеге тән қасиеттің бір қыры. Жолындағыны жапырған, егінді тып-типыл қылған, көп қаржыны қымқырған, бар байлықты жымқырған шегірткелердің «жемқорлық» қырын қайтеміз?
Қашан біз Шегірткеден Құмырсқаға айналамыз?»,-деп ашынды ақын.

Бөлісу237Твит148
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2077 бөлісу
    Бөлісу 831 Твит 519
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2111 бөлісу
    Бөлісу 844 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1188 бөлісу
    Бөлісу 475 Твит 297
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    856 бөлісу
    Бөлісу 342 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    808 бөлісу
    Бөлісу 323 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    746 бөлісу
    Бөлісу 298 Твит 187
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.