Басты жаңалықтар

Журналист Сәкен Майғазиевке: Сынды көтере біл, сауатсыздық таныттың

Нұрсейіт Жылқышыбай: "Музарт" тобының әншісі көк бөріні қорлаған бейнебаянынынан текті жануарды алып тастауы керек

Нұрсейіт Жылқышыбай әнші Сәкен Майғазиев бейнебаянында  қар барысы мен қасқырды пайдаланғаны үшін шүйлікті. Журналист клипте қазақ үшін текті саналатын жануарлардың қорланғанына ашулы. Әрі әнші бұл туындыны қайта монтаждауы керек деп есептейді. Бұл жөнінде KYN.KZ  сайты жазды. "Сәкен Майғазиевтің жақтастары жабылмайды деген ойдамын! Белгілі эстрада жұлдызы, атақты "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің көксеген мақсаты не? Қызыл кітапқа енген жыртқышты (қар барысын) бұлай қорлағанына көз жұма қарауға бола ма? Күллі түркі халқының тотемі саналған қасқырларды бұралқы ит қылып көрсеткені несі? Миллиондаған халықтың жүрегінен орын алып жүрген өнер иесінің 3D анимациялық бейнебаянын көріп отырып жағамды ұстадым! Сәкен Майғазиевтің ту ұстап шапқанында үлкен мән жатыр. Бәлкім өз мақсаты бар шығар. Қызғанбаймын, көздеген ойына жете берсін... Жіберген қателіктерінің бірі сауатсыздығында! Ұлттық символымызға айналған қар барысын қорлап, бұралқы ит сияқты көрсеткені дұрыс па? (аттың артынан лестіргені) қызыл кітапқа енген жыртқышты бейне баяныңа қыстырмасаң болмайтын ба еді?

Мысық тектес жыртқыш ойыншық емес! Сонымен қатар анимациялық бейнебаянда екі қасқырдың арсалаңдап Сәкен мырзаның артынан қалмай жүгіргенін көресің. Қай қазақтың баласын көріп едің түз тағысын ерткен? қасқырға деген қазақтың қошеметі жоғары болған. Сүйінбай Аронұлы бабамыз " Бөрілі менің байрағым, бөрілі байрақ көтерсе, қозады қай-қайдағым"... деп тегіннен тегін жырламаған. Қазақ халқы қазіргі күнге дейін ержүрек, батыл жігіттерді Көк Бөріге теңеп, көркем шығармаларда бөріні батылдық пен батырлықтың символы ретінде бейнелейді. Тырнақтың астынан кір іздегенім емес, сынды да көтере білгенің жөн! циркте өнер көрсетпейтін барыс пен қасқырды сүйкімсіз етіп абырой таппайсың!",-деп жазды журналист.