Сынаққа енген өзгірістерден хабардар болыңыз
Қазақстанда осымен 15-рет өтіп отырған ҰБТ басталды. Сынақта білім және ғылым министрі еңгізген жаңа өзгерістер туралы KYN.KZ Top.Press сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Елімізде ҰБТ 1 шілдеге дейін 167 пунктте өтеді. ҰБТ – Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түскісі келетін талапкерлерге арналған іріктеу емтихандарының бірі. Шетелде білім аламын деушілер тестілеуден өтуге міндетті емес.
Білім және ғылым министрлігінің енгізген өзгерістеріне сәйкес:
- ҰБТ 5 пәннен тұрады
- 2 блокта орналасқан 120 тапсырманы орындау керек:
- Міндетті (3 пән): математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы
- Таңдау немесе бейінді (30 сұрақтан тұратын 2 пән). Бұл блокқа бірнеше пәндер кіреді. Емтихан тапсырушы таңдайтын мамандығына сәйкес бұл пәндерді терең игеруі қажет.
- 2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары 50 % жаңартылды.
- Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 50 минутты құрайды (230 минут)
- Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл. Ал ЖОО-на түсу үшін бағаның ең төменгі шегі өзгеріссіз – 50 балл деңгейінде қалдырылды.
- 2018 жылғы тестте басқа уақытта тапсыру мен қайта тапсыру мүмкіндігі бар:
- Түлектер белгілі бір себептерге байланысты тестілеуге қатыса алмайтын болса, комиссия емтиханды өзге топпен тапсыруға рұқсат береді.
- ҰБТ-ның шекті балынан аса алмағандар 2018 жылдың тамызында немесе 2019 жылдың қаңтарында 2 000 теңге (екі мың теңге) төлеп, қайта тапсыра алады.
Келесі мақала