Басты жаңалықтар

Өргебас тұрғыны: Әкім "қауіп жоқ" деді. Енді мүлкіміз суда, өзіміз далада қалдық

Халық: Тым құрыса "жиналып отырыңдар" десе өзіміз көшіп үлгеретін едік

Су бір сәтте басып қалған Өргебас ауылының халқы президенттен көмек сұрап, аудан әкімдігі жалған ақпарат таратқанын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ. Аудан әкімінің сөзіне сеніп қалдық деген жұрт бар мүлкінің су астында қалғанын айтып отыр. Тіпті оны қалай есептетеміз деп те алаңдайды. Айтуларынша "Өзбекстанда дамбы жарылды" дегеннен бастап тұрғындар жергілікті басшылықтан  жағдайды бақылауды сұраған. Бірақ әкімдіктегілер "еш қауіп жоқ деп сендірген.