Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Судың адам ағзасына пайдасы, аш қарынға ішкен судың ерекше қасиеті

Суды көп тұтынсаңыз денсаулығыңыз жақсы, өзіңіз жас көрінесіз

04.05.2020
0
Судың адам ағзасына пайдасы, аш қарынға ішкен судың ерекше қасиеті

Су – Жердегі өмір көзі. Судың адам денсаулығына пайдасы көп. Суды дұрыс ішудің бірнеше ережесін білсеңіз, оның пайдасын еселеуге болады. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан жылы су ішуді әдетке айналдырсаңыз, ағзада жағымды өзгерістер орын алады.

1. Ағза тазарады

Түнде ағза демалып қана қоймай, токсиндерден тазарады. Ал аш қарынға су ішу бұл процеске көмектесе түседі. Оған қоса, жүйелі түрде су ішу бұлшықеттер жасушалары мен жаңа эритроциттердің өңделуіне ықпал етеді.

2. Көңіл күй жақсарады

Аш қарынға ішілген судың токсиндерді шығару мен ағзаны «іске қосу» қабілеті адамның эмоциялық жағдайына да жағымды әсер етеді. Су жүйке жүйесіне жанама әсер ете отырып, ашушаңдықты басады және ұйқыны ашады.

3. Жүрек жұмысына көмектеседі

Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының ең кең тараған түрлеріне инфаркт пен инсульт жатады. Олар, әдетте, қандағы сұйықтық мөлшері аз болғандықтан қан ұйықтарының түзілуінен пайда болады. Жүйелі түрде аш қарынға су ішу қантамырлар жүйесіне жағымды әсер етеді және инсульт қаупін төмендетеді.

4. Асқазан-ішек жолы ауруларын алдын алады

Қыжыл немесе асқазан-ішек жолының басқа да жағымсыздықтары көбіне асқазандағы жоғары қышқылдылықтың себебінен пайда болады. Егер аш қарынға уақытылы су ішсеңіз, ол қышқылды сұйылтады және жағымсыз сезімдерден арылтады. Сондай-ақ асқазан таңғы асқа дайындалады. Су адам миына қалай әсер етеді?

5. Зат алмасу жылдамдайды

Арықтағысы келетіндер немесе асқазан жұмысын реттегісі келетіндер үшін зат алмасу процесін бақылау маңызды. Егер ол жеткілікті түрде жылдам болмаса, судың көмегіне жүгінуге болады. Аш қарынға ішілген су зат алмасу жылдамдығын 30%-ға арттырады.

6. Тері жағдайы жақсарады

Сыртқы келбетіңіз жақсы көрінгенін қаласаңыз, алдымен ішкі жағдайға мән беру керек. Бұл жерде ағзаның су тепе-теңдігін ұстап тұру маңызды рөл атқарады. Әйтпесе, тері құрғақтанып, ерте әжімдер пайда бола бастайды. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан су ішу арқылы тері жағдайын жақсартуға болады.

7. Шаш саулығын сақтайды

Ағзаға су жетіспесе, ол шаштың сыртқы жағдайына, оның өсуі мен қалыңдығына негатив әсер етеді. Сондықтан шашыңыз мықты болуы үшін жеткілікті түрде су ішу керек.

8. Бүйрек ауруларын алдын алады

Бүйректердің сау болуы ағзадағы су тепе-теңдігінің қалыпты болуымен тікелей байланысты. Аш қарынға және күні бойы уақытылы су ішіп тұру зәр мөлшерін арттырады. Соның себебінен бүйректерде болуы мүмкін минералдар сұйылады. Осылайша, тастар түзілуінің немесе қабынулар пайда болуының алдын алуға болады.

9. Иммунитет нығаяды

Көптеген аурулардың пайда болуы тікелей иммунитет жағдайымен байланысты. Аш қарынға ішілген су лимфалық жүйелер теңгеріміне жағымды әсер етеді. Ол өз кезегінде ағзаны қатайтып, түрлі аурулардың қоздырғыштарына төзімді болуына көмектеседі.

Бөлісу15Твит10
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2081 бөлісу
    Бөлісу 832 Твит 520
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2112 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1190 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    857 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 214
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    809 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 202
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    750 бөлісу
    Бөлісу 300 Твит 188
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.