Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді бөлшектеп өлтірген күдікті ұсталды

Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді бөлшектеп өлтірген күдікті ұсталды
ашық дереккөз
Пәтер тонаған 24 жастағы күдіктіден марқұмның заты табылған
Көкшетауда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қыметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, сәуірдің 30-ы күні Көкшетауда аса қатыгездікпен қинап өлтірілген 1937 жылғы ер адам мен оның 1943 жылғы жұбайының денесі өз пәтерінде табылған болатын. Аса ауыр қылмыстың бетін ашуға Ақмола облысының Полиция департаменті мен Көкшетау қаласының полиция басқармасының жеке құрамы тартылды. Тәжірибелі тергеушілерден тұратын жедел тергеу тобына ПД бастығы А.Баймурзин жетекшілік етті. «Бірнеше нұсқалар қаралды. Нәтижесінде жедел тергеу шарасы кезінде күдікті анықталып, Көкшетау қаласында қолға түсті. Белгілі болғандай, сәуірдің 29-ы күні Щучье қаласының 24 жастағы тұрғыны тонау үшін Есенберлин көшесінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерге кірген. Алайда, оны үй иелері көріп қалған, ол қылмыстың ізін жасыру үшін ерлі-зайыптыларды өлтіріп, жеке мүліктерін алып кеткен. Ұсталған кезде, күдіктіден заттай дәйектер алынды. Қазіргі кезде ол уақытшы ұстау оқшаулағышына қамалды. Сондай-ақ, ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметіндегілер. Ведомстводан атап өткендей, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар