Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде ер адам мемлекет берген үйден 7 баласы мен әйелін қуып жіберді

Ақтөбеде ер адам мемлекет берген үйден 7 баласы мен әйелін қуып жіберді
ашық дереккөз
Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс карантин уақытындағы жоқшылықтан, жұмыссыздықтан шыққан
Бұл отбасыға үйді мемлекет көпбалалы болғаны үшін берген. Карантинде үйде жатып сыйыспаған ерлі-зайыптылардың арасындағы дау балаларды далада қалдыруға ұласқан.
Қазір дала кезіп жүрген жеті бала мен әйелдің жағдайын жергілікті құқықтық орган қадағалауына алды, деп жазды KYN.KZ.
Бұл  ақпарат жайлы  Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев хабарлады. Айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі call-орталықтың жұмысы нәтижесінде 7 әйел мен 21 балаға көмек көрсетіліп, дағдарыс орталығына орналастырылған. Олардың арасында көпбалалы ана да бар. Күйеуі әйелін жеті баласымен бірге үйден қуып шыққан. "Пәтер көпбалалы отбасыға мемлекет тарапынан берілген. Қазір өкілетті органдар отбасындағы проблеманы шешуге тырысып жатыр", - деп жазды прокурор. Дәулембаев call-орталық мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға жеке-жеке хабарласатынын айтты. Себебі көп әйел күйеуінен қорқып, полициядан көмек сұрай алмайды. Ақтөбе қаласында call-орталық нөмірлері: 8 7132 44 57 89, 44 57 90, 8 707 986 34 60. Айта кетсек, Ақтөбеде карантин 6 сәуірде енгізілді. Екі аптадан кейін карантин режимі күшейтілді: тұрғындарға жақын маңдағы дүкенге үш күнде бір рет баруға рұқсат етілді, сонымен қатар, жеке көлікпен жүруге тыйым салынды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар