Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

42 500 екінші рет кімдерге және қашан берілетіні айтылды

Жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленеді.

07.05.2020
0
42 500 екінші рет кімдерге және қашан  берілетіні айтылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді екінші рет беру шарттарын нақтылады.

 42 500 теңгеге 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар төлемді екінші рет ала алады, деп хабарлады Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жәрдемақы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға төленеді.

«Төтенше жағдай режимі 16 наурыздан бастап енгізілді. Әлеуметтік төлемді төлеудің бірінші айы – 16 наурыз бен 15 сәуір аралығы. Екінші ай төтенше жағдайдың созылуына байланысты 16 сәуірден 11 мамырға дейінгі аралықты қамтиды», — деп түсіндірді еңбек министрлігі.

Яғни, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, әлеуметтік төлемді бірінші рет қашан алғанына қарамастан, 42 500 теңгені екінші рет те ала алады.

Екінші төлемге өтініш берудің қажеті жоқ, ол автоматты түрде тағайындалады.

Қанша азамат 42500 теңге алды?

5 мамырдағы жағдай бойынша 4 478 000 әлеуметтік төлем тағайындалды.

Оның ішінде бірінші айда –3 734 000, екінші айда – 744 000.

«42 500 теңге» алу үшін 8 миллион 32 мың азамат өтініш берді.

Әлеуметтік төлем кімдерге беріледі?

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
  • Салық кодексінің774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғалар;
  • қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.
Бөлісу8Твит5
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2087 бөлісу
    Бөлісу 835 Твит 522
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2113 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1194 бөлісу
    Бөлісу 478 Твит 299
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    860 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    812 бөлісу
    Бөлісу 325 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    756 бөлісу
    Бөлісу 302 Твит 189
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.