Басты жаңалықтар

Әр елдегі мектеп бітіру кеші қалай өтеді?

Түлектер бітіру кешін барынша ерекше етіп тойлайды

Мамыр және маусым – мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан түлектердің кезеңі. Мектеппен қоштасу кеші әр түрле елдерде қалай тойланады? KYN.KZ өз оқырмандары үшін арнайы шолу жасады. Данияда мектеп бітірушілер бірінші орында ерекше киім үлгісін іздейді, ал мектептерде бітірушілерге арналған парадтар болып өтеді.  width= Келесі бір ерекше дәстүр түлектер жүк көліктеріне мініп қала көшелірімен жүріп , өз үйлерін де айналып өтеді. Бұл түлектердің ата-аналары да қосылып тойласын деген белгі болып саналады.  width= Мальталық түлектерде көлікке мініп алып қаланы аралағанды ұнатады, бірақ жүк көлігі емес, екі қабатты төбесі ашық автобусты таңдайды.  width= Ресейде түлектер кеші ауқымды болып өтеді. Жыл сайын Санкт-Петербургта «Ақ желкен» атты мерекелік кеш өтеді. Кеш барысында концерт және Нева өзенінің бойымен алып ақ желкенді кеменің өтуімен аяқталады. «Ақ желкен» болашақа құрылған үлкен үмітті бейнелейді.  width= Германияда дәстүр бойынша әр сынып өзіне жеке гимн және эмблема ойлап табады.  width= Малайзиялық түлектер бітіру кешін Холи мерекесі сияқты өткізеді: бір-біріне түрлі түсті бояу шашып, көңіл көтереді. Олардың сенімдері бойынша жас түлек ұаншалықты көп түспен жуынады, оның өмірінде соншалықты көп жақсылық болады.  width=