105 жастағы әжей: Ұзақ өмір сүрудің сыры қалағаныңша өмір сүруде
Қария осы жасына дейін ішімдік ішіп, қалағанынша қыдыратынын айтып елді қайран қалдырды
105 жасқа толған туған күнін тойлаған америкалық әжей, ұзақ жасаудың сырын өзіңді ештеңеден шектемеуде екенін айтты деп хабарлайды Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ Флорида штатының Палм-Харбор қаласының тұрғыны Хелен Гранье ұзақ өмір жасаймын деп ойламағанын мойындады. Бұны оның отбасы да күтпеген. «Мен сыра ішетінмін, темекі де тарттым, түні бойы қыдырып, билеп, таңертең жұмысқа кететінмін», - деді қарт. Әжейдің ұстанымы «Өз қалауынмен өмір сүр» Сонымен қатар Гранье құмар ойындарды қатты жақсы көргенін айтты. «Менің жұбайым мені Вегасқа алып кетпеді, себебі менің ойындарға салынып кететінімді белді. Мен онда күйеуім қайтыс болғаннан кейін бардым», - деп жас кезін есіне алды ол. Хелен туған күнін тоғыз жылдан бері тұрақты мекеніне айналған қарттар үйінде атап өтті.