Вторник, 30 мая, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Мұсылманның иманын күшейтетін үш нәрсе

Әр мүмін өзін үнемі қамшылап, өзімен-өзі жұмыс жасауды тоқтатпау керек

19.05.2020
0
Мұсылманның иманын күшейтетін үш нәрсе

Кейде елге елеулі, сыйлы адамды көрсек, оны сыйлап, төрге шығарып, құрмет көрсетіп жатамыз. Әлгі адаммен қарым-қатынас жасағанда аса сақтық танытып, көңіліне келетін сөз айтып қоймауға, ол кісімен байланысты үзіп алмауға тырысамыз.

Айтқанын орындаймыз. Бұйырғанын тыңдаймыз. Алдында әдеп сақтаймыз. Тіпті, өзіміздің әйел, бала-шағамызбен де дәл сондай нәзік әрі тығыз қарым-қатынастамыз. Себебі, көп уақыт көңіл бөлмей қойсақ, бір күні әйеліміздің де суып кететінін білеміз.

Ұзақ уақыт көріспесек, «Өзіңнен туған жас бала, сақалы шығып жат болмай» деп Махамбет ақын айтқандай, бауыр еті баламыздың да жат болатынын сеземіз. Сондықтан да өзімізге қымбат болған жандарға көбірек көңіл бөлеміз, оларды бағалаймыз, іздейміз. Олармен байланысымызды үзбейміз.

Ал Жаратушымен ше?.. Онымен қандай байланыстамыз? Әлгі адамды ренжітіп алмайын деп жүгіріп, қолымыздан келгенін жасағандай, Алла үшін де дәл солай тырыса алып жүрміз бе?..

***

Иә, әр нәрсенің өткінші, бірде бар, бірде жоқ болатыны секілді, иман да бірде күшейіп, бірде әлсіреп тұрады. Өткір қылышты қайрап тұрмаса, кесуге жарамай қалатыны секілді, иманды да үнемі суарып, жаңартып отыру керек. Сондықтан бүгін иманды қуаттаудың ең негізгі, маңызды деген 3 жолын атай кетуді жөн көріп отырмыз.

БІРІНШІ, ДҰРЫС ОРТАДА БОЛУ.

Негізі адамға жүрген ортасы, сөйлесетін, араласатын достары қатты әсер етеді. Қанша жерден «мен жеке тұлғамын» десең де, айналаңдағы адамдар ықпалын тигізбей қоймайды. Егер досың лайдың үстімен жүргенді жақсы көретін адам болса, оны таза жермен жүруге шақыр. Көнбесе, өзің алыста. Себебі, сен қанша таза жермен жүрсең де, лайдың үстінде жүрген досың бір күні саған батпағын жағады. Арада біраз уақыт өткенде үстіңді былғайды. Сөйте-сөйте бір күні өзің де қара батпақтың ішіне қалай кіріп кеткеніңді байқамай қаласың.

Ал «қандай адаммен дос болу керек?» деген сұраққа түсі игі, жаны ізгі, сөзі дұрыс, ісі тиянақты адамдармен жолдас болу керек деп жауап берер едік. Себебі, «Адам – досының дінінде». Ең жақсы дос – Құдайды ұмытсаң есіңе салатын, ал ойлап отырсаң көмектесетін дос! Ендеше, жаныңа бірігіп күнә жасайтын емес, жұмылып Құдай риза болатын істерді атқаратын жандарды жина!

 

ИМАНДЫ КҮШЕЙТУДІҢ ЕКІНШІ ЖОЛЫ — ҚҰРАННЫҢ СОҢҒЫ ПАРАЛАРЫН ОҚУ, ТЫҢДАУ, МАҒЫНАСЫНА ОЙ ЖҮГІРТУ.

Расында, Құрандағы Меккелік, яғни Меккеде түскен соңғы сүрелер Алланың алдына баратын күнді, Қияметті еске салады. Және Құранның соңғы параларында бір Аллаға сыйыну, жәрдемнің де, азаптың да Алладан болатыны, еш нәрсе Алланың қалауынсыз, білімінсіз болмайтыны, Құдайдың құдіреті жайында көп айтылады. Сондықтан Алланың сөзін оқып, тыңдап, оның мағыналарына ой жүгіртіп, түсіндірмелерін оқыған адамның әлбетте, иманы көтеріледі. Жүрегі тазарады, санасы нұрланады. Аяттардың мағынасына мән беріп, ізденген адам намазда оқыған сүрелерінен ләззат алады. Иманның басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтін тәп-тәтті дәмін татады! Сондықтан иманым күшейсін деген адам Алланың сөзі болған қасиетті Құранға көңіл бөлуі керек.

 

ҮШІНШІ, НАСИХАТ.

Яғни өз білгеніңді өзгелерге үйрету. Себебі, Алла Құранда:«Адамдарды Раббыңның жолына даналықпен және көркем үгіт арқылы шақыр…» («Нахыл» сүресі, 125- аят), «…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер…» («Мәида» сүресі, 2 аят), «Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ, дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне, солар — құтылушылар» («Әли-Имран» сүресі, 104 аят), — деген.

Сондай-ақ, ардақты елшіміз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылыққа шақырушыларға соны жасағандардың сауабындай сауап жазылады», — деген. (Муслим) Сондықтан біреуді жақсылыққа шақыру арқылы өзіңнің де иманың, білімің артатынын және дәл сол жақсылықты жасамасаң да, жасағандай сауап алатыныңды ұмытпауың керек.
Міне, бұл ең үлкен байлық, ең үлкен қазына болған жүректегі иманды күшейтудің ең маңызды 3 жолы. Алла баршамызды ойы азат, жаны таза иманды құлдарының қатарынан етсін!

Бөлісу9Твит6
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1923 бөлісу
    Бөлісу 769 Твит 481
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1212 бөлісу
    Бөлісу 485 Твит 303
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1120 бөлісу
    Бөлісу 448 Твит 280
  • Оранған бойжеткенді зорламақ болған ұлттық қауіпсіздік қызметкеріне сот үкімі шықты

    1118 бөлісу
    Бөлісу 447 Твит 280
  • Алматыда 19- қабаттан секірген қыз туралы жаңа деректер шықты

    817 бөлісу
    Бөлісу 327 Твит 204
  • 16 жыл бұрын әйелінен айырылған Аманжол Әлтаев неліктен үйленбегенін айтты

    2075 бөлісу
    Бөлісу 830 Твит 519
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    546 бөлісу
    Бөлісу 218 Твит 137
  • Енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының жұбайы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    870 бөлісу
    Бөлісу 348 Твит 218
  • «Енді оларды ешкім алмайды» Имам мектеп бітіру кешінде вальс билеу үрдісін тоқтатуды талап етті

    835 бөлісу
    Бөлісу 334 Твит 209
  • Оранған блогер хиджап кигені үшін ақша берілетінін және арнайы келісімшартқа отырғандарын мойындады

    994 бөлісу
    Бөлісу 398 Твит 249
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.