Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы тұрғыны екі адамды өлім аузынан алып қалды (видео)

Алматы тұрғыны екі адамды өлім аузынан алып қалды (видео)
ашық дереккөз
Алматыда канализациялық люкте екі жұмысшы тұншығып қала жаздады.
1414 колл орталығының видеооператоры жұмысшыларды құтқару үшін мұрнын дымқыл орамалмен жауып құдыққа түскен. Тағы бір тұрғын көмекке келді.
 Қос жұмысшыны Наурызбай ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов құтқарды. Болған жағдай туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының атқарушы директоры Мұрат Жұманбай айтты. Facebook-тегі видеода зардап шеккендердің жағдайы көрсетілген. "Дем ал! Ұйықтама!" – дейді көмек көрсетіп жатқан адамдар.
1414 колл орталығының видеооператоры люктің маңында адамдар жиналғанын көрген. Құдықта екі ер адам болған. Полицейлер төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін шақырған. Алайда Әбдіразақов бірден әрекет ету туралы шешім қабылдады. "Екеуі де есінен танып қалған. Олардың бірі "Алматы Судың" киімінде болды. Мен құдыққа түсіп-түспеу туралы мүлдем ойлаған жоқпын. Ол кезде адамдарды құтқару керек деген бір ғана ой болды", - дейді халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері. Мұрат Жұманбай қызметкер жейдесін шешіп, жанында тұрған әйел берген дымқыл орамалмен аузын жауып, құдыққа түскенін айтты. "Тағы бір ер адам көмекке келіп, бірге түсті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде екі жұмысшы да құдықтан шығарылды. Есін жиған жоқ, бірақ тыныс алып жатты", - деді Жұманбай. Ержан Әбдіразақов "Азаматтарға арналға үкіметте" 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Үш баланың әкесі. Басшылық қызметкерге тиісті марапат жасауды жоспарлап отыр.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар