Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атыраулық ақсақал немересіне Бергей есімін қойып, басы дауға қалды

Атырау облысы мен Ақтөбеде 300-ден астам кішкентай Бергейлер өсіп келеді

02.06.2020
0
Атыраулық ақсақал немересіне Бергей есімін қойып, басы дауға қалды

Атырау облысында балаларды қорғау күні өз үйінің есігін тұңғыш рет  ашып келіп отырған нәрестеге   Бергей есімі қойылған. Жас отбасының бірнеше жыл бойы күткен перзентіне бұл есімді атасы  Мекемтас қойыпты. Ақсақалдың бұл таңдауына айналасындағылар таңданыспен қарағанын жасырмайды.  Тіпті «басым дауға қалса да өз таңдауымды қорғап шықтым» деп түсіндіреді.

» Біз Бергейімізді бес жыл күттік. Бұл айтарлықтай көп уақыт емес шығар. Бірақ, біз тұңғыш немеремізді балалар бас қосқан сәттен бастап күтетін әдетіміз ғой. Өте қуаныштымыз отбасылық қуанышымыз балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келгеніне. Әрине көпшілік есімі ерекше екен деп жатыр. бұл есімді жайдан- жай қойғаным жоқ.

Облысымыздың бұрыңғы әкімінің аты осылай болды. Ол кісіні өңірге сіңірген еңбегі үшін, қарапайым халыққа жасаған жақсылығы үшін сыйлаймын. Бұйырса, ақталып, елге қызмет етуін жалғастырса екен деп тілеймін. Екіншіден, бес жыл күткен немереме жаратушым  бар шапағаты мен жақсылығын Бергей деймін.

Әрі осы баламның соңынан тағы ұрпағым жалғасып, Алла көптеп ұрпақ Бергей деген тілегім де бар.  Бұл есімді таңдаған кезімде таңданыспен қарап, дауласқандар да болды. Себебі, құдалар, келіннің ата-анасы өз ұсыныстарын өткізбек болып сөз таластырып қалдық. Бірақ мен өз таңдауымды әлім жеткенше қорғап шықтым. Дегенім болды», — деп күлді Мекемтас ақсақал.

Бергей Рысқалиевке елге қызмет еткен кезінде мемлекет ақшасын жымқырды  деген айып тағылып, сыртай сот үкімі шыққанымен жергілікті халықтың көпшілігі мұны жала деп түсінетіндерін ашық айтады. Себебі, экс-әкімнен көрген жақсылықты ауыз толтырып айтып, әрі мақтан тұтамыз деген жұрт оның  ақталып шыққанын қалайды екен.  Оған кішігірім дәлел ретінде мына факт сөйлесін: Атырау облысы мен Ақтөбенің өзінде 300- ден астам жаңа туған нәрестеге ата- анасы саясаткердің есімін берген.

Нәрестеге ерекше есім берген қазақтар аз емес.  Өткен жылдың статистикалық мәліметіне сенсек Қазақстан бойынша  қыздарға Раяна, Айзере, Медина деген есімдер көп қойылған. Ал, ұл балаларға ең көп қойылған есімдер: Айсұлтан, Әлихан, Нұрислам.

Оқи отырыңыз:

Бергей-бум: Атырауцы повально называют своих детей именем бывшего главы региона Бергея Рыскалиева

Бөлісу339Твит212
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2088 бөлісу
    Бөлісу 835 Твит 522
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2114 бөлісу
    Бөлісу 846 Твит 529
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1195 бөлісу
    Бөлісу 478 Твит 299
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    860 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    812 бөлісу
    Бөлісу 325 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    757 бөлісу
    Бөлісу 303 Твит 189
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.