Басты жаңалықтар
Алматыда блок-бекетте мерт болған полицейдің анасы өз шындығын айтып, Тоқаевтан көмек сұрады
- автор kyn.kz
- 2 маусым, 2020
- 198
Әбірова Жанатгүл: Соңғы жайттарға орай мен ешкімге сенбеймін
Алматыдағы блок-бекетте қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған полицейдің анасы президент Тоқаевтан көмек сұрады. Қара жамылған ананың сөзінше ұлының қазасына байланысты тараған ақпаратта жалған мәліметтер болған, деп жазды KYN.KZ. Бұған дейін марқұмның жры апатқа күдікті деп танылған азамат жайлы бар білген мәліметті желідегі парақшасында жазған еді. Кейіннен марқұмның әкесі оны жоққа шығарды. Ал Дастан Абдықановтың анасы осы түсініспеушіліктердің бәрін түсіндіріп беруге тырысты.
"Мен қызмет бабында қаза болған Абдықанов Дастанның анасымын. Дастан 26 жасында Елі мен Отаны алдында адал қызмет етіп жүріп, кісі қолынан қаза болды. Әлеуметтік желіден келінім Динара күйеуінің өліміне кінәлі Азат Азаматовтың суретін көргенде бірден таныған.
Себебі ол күйеуі жұмыста болған уақытта үнемі сөйлесіп отырған, оның кіммен бірге сменге түсетінін жақсы білген. "Қылмыскердің полицияда әлі де жұмыс істейтінін, желіде жалған ақпарат таралып жатқандығын, тек шындықты айтыңыздар" деп жазғанын растаймын.
Әкесі тілшілерге келінімен сөйлеспей тұрып, өз ойымен келінім ешқандай жазба қалдырған жоқ деп сұқбат берген. Шындығында келінінің жазбасы туралы білмеген. Біздің бір-бірімізбен әңгімелесіп, желі қарап, талқылауға жағдайымыз болған жоқ.
Мен ұлымның абыройына нұқсан келмеуін және қылмыскердің әділ, заң талаптарына сай, қатаң жазалануын сұраймын.Бұл аса қайғылы істің ақ қарасын анықтап, қанышер қылмыскердің әділ жазасын алуын талап етемін. Мен ешкімге сенбеймін. Құрметті Президент ҚасымЖомарт КемелұлыТоқаев мырза осы іс тікелей өз бақылауыңызда болып, қылмыскер әділ жазасын алады деп,сенемін",- деп жазды марқұмның анасы желідегі парақшасында.