Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

2020 ҰБТ-да жаңа ережелер мен жаңа талаптар: тест тапсыру қалай өтетіні айтылды

Енді емтиханға рұқсат етілмеген заттарды алып кіргендер екінші рет тест тапсыра алмайды.

03.06.2020
0
2020 ҰБТ-да жаңа ережелер мен жаңа талаптар: тест тапсыру қалай өтетіні айтылды

Жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуге өзгеріс енгізетін Білім министрлігі биыл тек ережелерін қатаңдатқан.  Білім беру грантынан да қағылады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты КТК  арнасына сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ, кейбір мамандықтардың шекті ұпайы көбейтілді. Қазіргі уақытта тест өткізу пунктері санитарлық талаптарды сақтауға барынша тырысып жатыр. 132 мыңдай түлектің тест тапсыруына тағы қандай жағдай жасалмақшы? Қандай өзгерістер бар?

Бұл сынақ бұрынғы тест тапсырудан да өзгерек. Биыл түлектерге тек жақсы балл жинау ғана емес, аурудан қорғануды ойлауға тура келеді. Covid-19 дан сақтану үшін олар медициналық бетперде киіп, аудиторияда бір-бірінен алшақ отырып, қолдарын қайта-қайта тазалауы керек. Бірақ тестке кіретін оқушылардан коронавирустың тест нәтижесі сұралмайды.

Тест өтетін нысанға кірер кезде сынақ тапсырушыны метал іздегіш құрылғыдан бөлек, оны бес кезеңдік тексеріс күтіп тұр. Ол үшін дезинфекциялық тоннель, тепловизор, антисептикалық құралдар қойылмақ. Осы жылы түлектердан үшін тыйым салынған заттар табылса, бірден бірнеше мүмкіндіктен қағылады.

«Тыйым салынған заттарды анықтау кезіндегі шараларымыз күшейтілген. Яғни тестке кіргізу кезінде анықталған тыйым салынған заттар болса, балалар әрі қарай тестке кіргізілмейді. Және олар үшін емтихан бітеді. Осы жылы ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады. Біз мұндай тәжірибені қаңтардан бастадық. Балаларға түсіндірдік, нәтижесін көрдік»,-деді  Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Ал шекті балды жинай алмай қалғандар ақылы тестілеуге қатыса алады. Айтып өтейік, биыл педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін талап күшейді. Енді 70 балл жинағанда ғана, педагог болуға болады. Ұлттық жоғары оқу орындарына немесе медициналық мамандықтарға 65 балл, агроөнеркәсіп кешені мамандықтарына 60 балл, қалған жоғары оқу орындарына 50 балл.

Білім министрлігі тестілеу кезінде калькуляторға рұқсат бермекші. Бірақ, түлектер оны өздерімен бірге алып кіре алмайды. Сонымен қоса, ҰБТ уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа өзгерді. Осы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуде 11- сыныптағы төртінші тоқсан бағдарламасының сұрақтары кездеспейді.

«Талапкерлер ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін біз оларға ақысыз орталықтың сайтында 70 нұсқа тесттерін алдын ала берген болатынбыз. Түлектер емін-еркін осы сынама тестілерді тапсыру мүмкіндігіне ие болды және тапсырды деп айта аламыз.

Оған қоса биылғы түлектер мектепте тапсыратын қорытынды емтихандардан мамыр айының соңында босатылды. Осы шаралардың барлығы түлектер үшін үлкен қолдау екені сөзсіз»,-деді Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі.

Осы жылы сынақтың форматы өзгертілген жоқ. Барлығы сол бес пән. Еске салсақ, биыл тестілеу 20 маусымнан 5-шілдеге дейін 15 лекпен 161 пункте өткізілмек. Бүгінде 132 мыңға жуық түлек тест тапсыруға дайындалып жатыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің тағы бір жаңалығы ата-аналарға қатысты. Олар бұрынғыдай тест өтетін ғимарат алдында телміріп, балаларын күтіп тұрмайды. Рұқсат жоқ. Керісінше, үйінде онлайн көрсетілім арқылы бақылап, перзенті үшін тақымын қысып отыруы керек.

Бөлісу6Твит4
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3943 бөлісу
    Бөлісу 1577 Твит 986
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4846 бөлісу
    Бөлісу 1938 Твит 1212
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2135 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1724 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 431
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1593 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1481 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2128 бөлісу
    Бөлісу 851 Твит 532
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1303 бөлісу
    Бөлісу 521 Твит 326
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.