Пятница, 27 января, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Карантиндегі жағдай: Өтінішіміз орындалмаса жаппай аштық жариялаймыз

Теміртау қаласының әкімі коронавирус жұқтырды

03.06.2020
0
Карантиндегі жағдай: Өтінішіміз орындалмаса жаппай аштық жариялаймыз

Ақтөбе перзентханасындағы дәрігерлерді жаппай коронавирусқа тексеруде. Мұндағы бір қызметкерден індет анықталды. Теміртау қаласының әкімі де вирус жұқтырған.

Ал Атырау облысында карантинге жабылған мұнайшылар шу шығарды. «Өтінішімізге құлақ аспаса, аштық жариялаймыз», — дейді олар. Елдегі коронавирусқа қатысты соңғы ахуал жайлы KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

-Үйде бала-шағам отыр. Үш ай болды. Бас кетіп тұр.. бала-шағам өлсе, кім жауап береді?

Карантиннен қажыған Теңіз кенішінің қызметкерлері қыжылын осылай сыртқа шығарды. О баста 14 күнге оқшауланғамен, қамалып жатқанына қазір 20 күннен асқан. Айтуларынша, вирусқа қарсы алынған тесттің қорытындысы да әлі қолға тимепті.

— Сендер неге ауырмайсыңдар? Неге жұмысшылар ауырады? Мынаның ішінде бір бастық жоқ.

«Бастықтар неге ауырмайды?» деп кейіген мұнайшылар үйіне қайтамыз деген табанды ойдан қайтпақ емес. Өтінішін ешкім елемесе, тіптен аштық жарияламақ. Айта кетсек, Атырау облысында ковид-19 жұқтырғандардың 90 пайызы– Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Ал бүгін індет жұқтырғаны белгілі болған Теміртау қаласының әкімі аурдың бастықтарды да айналып өтпейтінін көрсеткендей. Қауіпті кесел Қарағанды облысында кеше 24 адамнан анықталған. Оның 12-сі – Теміртаудан. Іле-шала әкім аппараты тестілеуден өтті. Қала басшысынан басқаларында ауру белгісі табылмады. Ғалым Әшімов ауруханаға жатқызылмады, үйіне оқшауланды. Мұндай жеңілдікті көбі «әкім болғаны үшін жасады ма?» деп ойлағаны анық. Бірақ шенеуніктің өзі отбасымнан бөлек, «үйде жалғызбын» деп ақталды.

«Жағдайым жаман емес. Үйде, карантиндемін. Сіздерге, баршаңызға мен жақсылық тілегім келеді. Аман болыңыздар, өз-өздеріңізді күтіңіздер! Сақтаныңыздар!,» – деді  Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

Ақтөбенің перинаталдық орталығының дәрігерлері дерттің дүрмегімен жүр. Бір әріптестерінен тест оң нәтижесін берген соң, қазір бәрі жаппай тест тапсырып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасы: «Перзентхананы жабу туралы мәселені көтерудің қажеті жоқ, сақтық үшін бар жағдай жасалған» — дейді. Бірақ барынша сақтанғанның өзінде перзентхана қызметкерінің вирус жұқтыруы өз айтқандарына қайшы келеді.

«Перзентханада бір дәрігерде коронавирус инфекциясын жұқтырған деген күмән бар. Стационарға салынды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Қосымша қасында байланыста болған адамдар карантинде. Ол жерде енді дәрігерлер жұмыс жасайды. Бірақ сырттан келетіндерге кіруге тыйым салынған. Бірақ жұмысын емдеу мекемесі жалғастырып жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ДСБ басшысы Әсет Қалиев.

Семейдің ауруханасында да ауру өршіп тұр. Өткен апта мұндағы тері ауруларын емдейтін мекемеден ковид-19 дың ошағы анықталған. Әзірге диспансердің 4 қызметкері мен 20 науқастан індет расталды.

«Қатынаста болған 107 адам, оның ішінде 65 қызметкер, 42 науқас – барлығы біздің бақылауға алынып, ПТР дегенмен тексеріліп теріс нәтиже берген. Қазір үйлерінде, үй карантинінде»,–  деді Семей қаласының Бас санитар дәрігері Берік Тілепалды.

Соңғы статистика бойынша елде коронавирус жұқтырғандардың саны он бір жарым мыңнан асып кетті. Оның жартысы жазылып, 41 адам көз жұмды. Бас санитар дәрігер көрсеткіш күн сайын өскенмен, жағдай қадағалауда деген сенімде. Індеттен қорғанудың басты қаруы – әр адамның санитарлық талапты сақтауынан басталады!

 

Бөлісу5Твит3
  • «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев  сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    «Анайы қызмыт үшін рахмет»: Адвокат Пірәлиев сарбаз ісіне қатысты тағы тың дерек айтты

    3910 бөлісу
    Бөлісу 1564 Твит 978
  • «Қыркүйекте тойымыз болуы керек еді»: Раймның 7 жыл жүрген қызы Ерке Есмахан мен экс-жігіті жайлы айтты

    4843 бөлісу
    Бөлісу 1937 Твит 1211
  • Анасы: Өзінен он жас үлкен әйел ұлымды ғашық етіп, енді қаматқалы отыр. Балам қамалса әйелді өртеймін

    2130 бөлісу
    Бөлісу 852 Твит 533
  • Министр Ажар Ғиният полицияға бұрынғы вице-министрдің үстінен арыз жазды

    1708 бөлісу
    Бөлісу 683 Твит 427
  • «Аузынан, іш киімінен бірнеше адамның шәуеті шықты»: Әскерде асылып өлді деген сарбаздың адвокаты жан түршігерлік деректер айтты

    1592 бөлісу
    Бөлісу 637 Твит 398
  • 4 баланың анасы: Өзімнен он жас кіші ғашық жігіт айтқанына көнбегенім үшін ұрып, зорлап, үйімді өртеп кетті

    1479 бөлісу
    Бөлісу 592 Твит 370
  • 52 жастағы Түсіпбаева өзіне 29 жастағы жігіттің жазған хатын көрсетті

    1462 бөлісу
    Бөлісу 585 Твит 366
  • «Інімді өлтірген адамды да кешірді»: Нұрлан Өнербаев марқұм әкесін еске алып, көз жасына ерік берді

    2125 бөлісу
    Бөлісу 850 Твит 531
  • Raim Ерке екеуінің үйленгенін әжуалап, сын айтқандарды ұялтып тастады

    1295 бөлісу
    Бөлісу 518 Твит 324
  • Студент: Ақшасын төлеген адамның мұңын тыңдап, уақытша «досы» болып жұмыс істеймін

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс

Kyn.kzinfo@gmail.com
Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй

Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз: +7 708 914 6367

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.