Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Соққыға жығылған Бурабайдың бұрыңғы әкімі қайтыс болды

Соққыға жығылған Бурабайдың бұрыңғы әкімі қайтыс болды
ашық дереккөз
Бурабай кентінің бұрынғы әкімін ұрып-соғып, оның өліміне себепші болған күдіктіні полицейлер ұстап, қамауға алды
Ақмола облысындағы Щучинск қаласының тұрғыны ұрып-соғу салдарынан көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал марқұм бұрын Бурабай кентінің әкімі болған.
Оқиға 23 мамырда болған, деп жазды KYN.KZ  Спутник Қазақстанға сілтеме жасай отырып. "Щучинск қаласының тұрғынына ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша 23 мамырда Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда осы қылмысты жасаған күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіні үй қамауына алу туралы шешім шығарды. Ал сенбі, 30 мамырда ер адам қайтыс болды. "Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне ауыстырылды (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана жасалған дене жарақаты). Күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді баспасөз қызметі. Айта кетейік, аталған бап бойынша сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл факт бойынша Бурабай ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімі мұқият және объективті тергеу жүргізетінін атап өтті. Қылмыстық іс департамент басшылығының жіті бақылауында. Сонымен бірге, баспасөз қызметі марқұм Шыңғыс Темірбековтің бұрын Бурабай кентінің әкімі болғанын растады.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар