Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Атырау халқы тірі Бергей Рысқалиевті жоқтады (видео)

Экс-шенеунікке жыр арнаған ақын көпшіліктің таңданысын тудырды

03.06.2020
0
Атырау халқы тірі Бергей Рысқалиевті жоқтады (видео)

Атырау халқы  облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің есімін әнге қосып, өңірге сіңірген еңбегіне жыр арнап, өзін «жоқтады».  Халықтың бұрыңғы шенеунікке деген  құрметін мына видеодағы арнаудан анық байқауға болады.

Онда Алпысбай Бекжігіт есімді азамат шенеуніктің ел болашағы үшін жасаған еңбегін тізбектеп, өңір халықы атынан алғыс айтады.

Арнауда тура қазір Қазақстанда жоқ азаматқа тағылған айыппен жергілікті халық келіспейтіні айтылады.

«Айтпағымыз бір Бергейдің еңбегі,

Көп еді оның бергенінен, бермегі.

Сол әкімді алыстатты халықтан,

Мазалайды сансыз сұрақ кеудені»,- деп басталған арнауда бұрыңғы әкімнің облысты дамытып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жасаған еңбектері айтылады.

Ауылды аймақтарға тартылған ауыз су, тас жол, қарапайым халыққа жеткізілген көгілдір отыннан басталған ауқымды іс оқушылар мен спортшыларға, бүлдіршіндерге көрсетілген қолдауға дейін айтылады.

«Қиын сәтте ел жанынан табылды,

Балабақшаға қанша сәби ағылды.

Халық үшін еңбек еткен әкімге,

Түсінбедік неге күйе жағылды?

Бос жібермей өзі тұрған уақытты,

Жас ұрпақты қыламын деп бақытты

Қоғамдық қор есебінен шетелде,

Атыраудан елу үздік оқытты»,-деп  автор нақты мәліметтер келтіреді.

Қалаберді экс- шенеуніктің заңды белінен басып, халықтың ашуын тудырған «Теңізшевройл»  компаниясының басшылығын жауапқа тартып, айыппұл төлеуге міндеттегені айтылады. Қашағаннан зауыт салдырып ел байлығын халық игілігіне алып қалып, жұмыссыздық мәселесін шешкен сәттері де өлеңге арқау болған.

Бұл арнауда  атыраулықтар  Бергей Рысқалиевтің атқарған ерен еңбегін айтып қана қоймай, оған тағылған айыпқа күмәнмен қарайтындарын жеткізеді.

Әрі арнау басталған тұста автор мұны президент назарына ұсынатынын айтты. Есте болса, Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау облысы басшысы қызметін атқарған еді.

Бөлісу140Твит88
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2083 бөлісу
    Бөлісу 833 Твит 521
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2112 бөлісу
    Бөлісу 845 Твит 528
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1191 бөлісу
    Бөлісу 476 Твит 298
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    858 бөлісу
    Бөлісу 343 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    810 бөлісу
    Бөлісу 324 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    752 бөлісу
    Бөлісу 301 Твит 188
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.