Пятница, 9 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Оқушыны ұрған мектеп директорына сот үкім шығарды

16.06.2020
0
Оқушыны ұрған мектеп директорына сот үкім шығарды

Қазақстанның батысында баланы соққыға жығып, дене жарақатын салған директор сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ.

БҚО сотының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға аудандардың біріндегі мектеп директорының қабылдау бөлмесінде болған.

Кезекші мұғалім сол жерге тәртіп бұзған М. есімді 11-сынып оқушысын шақырған. А. есімді мектеп директоры кезекші мұғалімнің көзінше жасөспірімнің бетіне, денесіне бірнеше соққы жасап, жеңіл дене жарақатын келтірген.

БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен аталған мектеп директоры ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (қатыгездік танытумен ұласқан кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес айыпты деп танылды.

Директордың бірінші рет қылмыстық құқықбұзушылыққа барғаны ескеріліп, оған 80 АЕК көлемінде 202 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ педагогикалық лауазымды қызметті және кәмелетке толмағандармен байланысты жұмысты атқарудан 2 жыл мерзімге шеттетілді.

Сонымен қатар БҚО білім басқармасы басшылығы атына осындай құқықбұзушылықтың алдын алу, өңір мектептерінде білім алушыларға қауіпсіз кеңістік қалыптастыру, сала қызметкерлері арасында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында жеке қаулы қабылданды. Қазірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу12Твит7
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2090 бөлісу
    Бөлісу 836 Твит 523
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2114 бөлісу
    Бөлісу 846 Твит 529
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1779 бөлісу
    Бөлісу 712 Твит 445
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1196 бөлісу
    Бөлісу 478 Твит 299
  • Танымал блогер Дана Есеева енемен тату болудың құпияларымен бөлісті

    1116 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр

    998 бөлісу
    Бөлісу 399 Твит 250
  • Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты

    1174 бөлісу
    Бөлісу 470 Твит 294
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    861 бөлісу
    Бөлісу 344 Твит 215
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    812 бөлісу
    Бөлісу 325 Твит 203
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    759 бөлісу
    Бөлісу 304 Твит 190
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.