Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сәбит Әбдіхалық: Ел айтқандай қатыгез болсам жүрегіме төрт мәрте ота жасатпас едім

Сәбит Әбдіхалық: Ел айтқандай қатыгез болсам жүрегіме төрт мәрте ота жасатпас едім
ашық дереккөз
Актер ауыр дертіне байланысты жылына бірнеше рет ауруханада ем қабылдауға мәжбүр екенін айтты
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері әрі "Дарын" сыйлығының иегері Сәбит Әбдіхалық алғаш рет денсаулығына қатысты мәліметтерді өзі жария етті, деп жазды KYN.KZ. Өз сөзін ауыспалы мағынадағы сөйлеммен құбылта бастаған  актер ойын өміріндегі кейбір сәттермен байланыстырғысы келгендей. Себебі бірнеше жылдан бері Сәбит пен Алтынайдың ажырасып кетуі  халықтың талқысына түскен еді. Әрі көпшілік актердің ажырасуына, төрт қызы мен қарым - қатынасын үзгеніне қатысты түрлі пікірлерін желіде ашық жазған еді. "Ел айтып жүрген "Жүрексіз" адамның жүрегі ауыра ма?... 2016 жылы осы бір жұдырықтай қызыл еттен инфаркт алып, Алматы қаласы Кардиологиялық ауруханасының ақ халаттылары арқасында қалған жарығымды сүріп келем. Содан бері жыл жүзінде үш-төрт рет ауруханада ем алудамын. Жүрекке төрт бірдей стенд орнықты. Алдымен бір Алланың, кейінгісі осы аурухана дәрігерлерінің арқасында шауып жүрген жайымыз бар. Осы орайда кардио орталықтың бас директоры Алмат мырзаға, дәрігерім Назира ханымға және маған коронарография жасап келе жатқан Оразбек ініме алғысымды білдіргім келеді. Сонымен қоса алда келе жатқан медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын! Асылында, ел қаһармандары - өздеріңіз! Еңбектеріңіз жансын! Аман болайық! Ауырмайық! Менің де, сіздің де деніңізді саулығы осы абзал кісілердің қолында!",- деп жазды Сәбит Әбдіхалық.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар