50 мың теңгелік көмек тағы берілетін болды
«Birgemiz» қорына қосымша тағы 4 млрд теңге түсті
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» қорына қосымша тағы 4 млрд теңге түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ⠀ Бұл қаражат аса мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Қор төрағасы Руслан Сакеевтің мәлімдеуінше, қаражат қоғам өміріне бейжай қарамайтын төрт азаматтан түскен. Олар өз есімдерін атамай-ақ қоюды қалаған. "Жалпы, Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорына барлығы 28,5 миллиард теңге түскен. Осы қаржыға 470 мың отбасыға немесе 1,6 миллион қазақстандыққа атаулы көмек берілді. 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлем 23 қалада және оған жақын елді мекендердің тұрғындарына аударылды", - дейді Сәкеев. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күрес шараларына атсалысып жатқан 2 мың медицина қызметкері 50 мың теңгеден алды. Ал "Jas Otan" еріктілері әлеуметтік жағдайы төмен 100 мың отбасыға 5 миллион бетпердені тегін таратты. Бұның барлығы "Birgemiz" қорына түскен ақшаға сатып алынды. "Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен Достық ауылының тұрғындарына жаңа үйлер салынып жатыр", - деп түйіндеді Сәкеев.