Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордада зейнеттегі анасын сабаған азамат қамауға алынды

Қызылордада зейнеттегі анасын сабаған азамат қамауға алынды
ашық дереккөз
32 жастағы ер адам зейнетткер анасын аяусыз ұрып, денесіне бірнеше ауыр жарақат салған
Араққа тәуелді азамат өзіне ескерту жасаған анасын аямаған.  Бұндай жағдай анасы мен баласы арасында бірнеше мәрте болған екен. Мұны көршілері де растаған. Ал зейнеткер әйел ауыр жарақаттан кейін  үйінен қашып кетуге мәжбүр болған, деп жазды KYN.KZ. Ішімдік ішкен тұрғын туған анасына қол көтерген. Мұндай жағдай бірнеше мәрте қайталанған. Түрлі деңгейде жарақат алған әйел үйінен қашуға мәжбүр болды. «Жасы алпыстан асқан қария дағдарыс орталығын паналауға мәжбүр болды. Полиция тарапынан ол кісіге қол көтерген азаматқа іс қозғалып, сотқа жолданды. Сот тарапынан бір тәулікке қамау жазасын қолдану туралы шешім шыққан. Карантин кезінде облыста 158 отбасында тұрмыстық жанжал тіркелді. Өкініштісі, олардың біреуі адам өлімімен аяқталды. Ұрып-соғу, орташа ауырлықтағы дене жарақатын салу секілді отбасындағы қылмыстардың 70 проценті азаматтардың ішімдік ішу салдарынан туындайды. Осы ретте полицейлер «зорлық-зомбылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық шарасын өткізіп келеді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Светлана Баймағанбетова. Сондай-ақ, Қызылордада қорасында есірткі өсірген 61 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар