Басты жаңалықтар

Кәсіпкер Айдын Рахымбаев короновирусты жұқтырғаны жайлы: Наконец-то он пришел

Кәсіпкер: Балаларым анамның адыраспанының арқасында аман қалды деп ойлаймын

Кәсіпкер  Айдын Рахымбаев коронавируспен ауырып қалды. Карантин кезінде де жұмысын тоқтатпаған кәсіпкер барлық гигеналық талаптарды орындағанымен вирусты жұқтырып алғанын айтты, деп жазды KYN.KZ

"Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Уайымға салынудың түк қажеті жоқ, мұны да жеңеміз. Үш айдан бері вирустан қашып жүр едім, осы жолы ақыры ұсталдым. Жеке кездесулерден бас тарттым, барлық гигеналық талаптарды ұстандым, бетпердені тастаған емеспін.

Қуаныштысы, бүкіл отбасым аман. Менің жұмысыма байланысты  балаларға жақындамадым, тіпті әйелі екеуміз бөлек бөлмеде түнейміз. Отбасымның амандығына анамның адыраспанды түтететіні мен дұғасы себеп шығар.

Ауруды айту ұят емес және бұл мұңайатын зат емес. Бәрін көңілді жеңуге болады. Отбасымнан бөлек пәтерде жатып ем аламын. Қатты науқастардың орнын  алғым келіп тұрған жоқ",- деп жазды Қазақстандағы ең танымал әрі бай құрлысшы.