Басты жаңалықтар
Пневмония мен коронавирус кезінде не себепті антибиотикпен емделуге болмайды?
- автор kyn.kz
- 1 шілде, 2020
- 621
Вице-министр коронавирус белгілері байқалған кезде антибиотикті не себепті ішуге болмайтынын айтты
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халыққа коронавирус белгілері кезде өз бетінше дәрі қабылдамауға кеңес берді, деп жазды KYN.KZ.
«Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана қолданылады», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Людмила Бюрабекова сонымен бірге коронавирус белгілері анықталған жағдайда азаматтарды өз бетінше емделмеуге шақырды.
Келесі мақала
Әбдіғаппар Сманов пневмониядан қайтыс болды
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді
- авторkyn.kz
- 25 қыркүйек, 2026




