Пневмония мен коронавирус кезінде не себепті антибиотикпен емделуге болмайды?
Вице-министр коронавирус белгілері байқалған кезде антибиотикті не себепті ішуге болмайтынын айтты
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова халыққа коронавирус белгілері кезде өз бетінше дәрі қабылдамауға кеңес берді, деп жазды KYN.KZ. «Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана қолданылады», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Людмила Бюрабекова сонымен бірге коронавирус белгілері анықталған жағдайда азаматтарды өз бетінше емделмеуге шақырды.