Басты жаңалықтар

Әбдіғаппар Сманов пневмониядан қайтыс болды

Ол шипажайда ем қабылдап жатқан жеріненен жағдайы күрт нашарлаған

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, дін ғалымы, Қазақстанға белгілі ұстаз Сманов Абдуғаппар Шәкірұлы өмірден озды. Ол 1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Білімі: Жоғары Еңбек жолы: 1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді . 2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары. 2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын атқарған. Әбдіғаппар Шәкірұлы 01.07.2020 жылы таңғы сағат 07-45-те қайтыс болды. Диагнозы: Артериалдық қан қысымы (200), гипертонический кризис, қант диабеті, пневмония. «Салма Караван» шипажайында ем алып жатқан. Лай қойдырып, аяғын күйдіріп алған. Ауруханаға ауыр халде түскен. Рентгенге түсіргенде пневмония анықталған екен.